satisfy [ˈsætɪsfaɪ] v 1. ∼ smb риза ету, көңілін көншіту ♦Nothing satisfies him - he's always complaining. – Ол ешқашан риза болмайды – шағымданады да жүреді. ♦The proposed plan will not satisfy everyone. – Ұсынған жоспар бәрінің көңілінен шықпас. 2. ∼ smth талапқа/ қажетке сай болу, қанағаттандыру, қанықтыру ♦The food wasn't enough to satisfy his hunger. – Тамақ оның аштығын басуға жетпеді. ♦to satisfy somebody’s curiosity – білгісі келген нәрсесін білу ♦The education system must satisfy the needs of all children. – Білім жүйесі барлық балалар үшін дұрыс болуы керек. ♦We cannot satisfy demand for the product. – Бұл өнімге деген сұранысты қанағаттандыра/ қанықтыра алмаймыз. ♦to satisfy a requirement/condition/criterion – талапқа/ шартқа сай келу/ болу 3. (formal) сендіру, иландыру, көңілін көншіту ♦∼ smb Her explanation did not satisfy the teacher. – Оның түсіндіруі мұғалімнің көңілінен шықпады. ♦∼ smb of smth People need to be satisfied of the need for a new system. – Жаңа жүйенің қажет екенін жұрттың ұғуы керек. ♦∼ smb/yourself (that)… Once I had satisfied myself (that) it was the right decision, we went ahead. – Оның дұрыс шешім екеніне көзім жеткенде барып, кірістік. ♦All you have to do is satisfy the court he is not at risk. – Сізге бар керегі – оның аман-есендігіне сотты сендіру.