save [seɪv] A.v 1.құтқару, сақтау, аман алып қалу, сақтап қалу ♦∼ smb/smth to save somebody’s life – біреудің өмірін құтқару ♦He's trying to save their marriage. – Ол некесін сақтағысы келіп жатыр. ♦She needs to win the next two games to save the match. – Жеңілмес үшін оған келесі екі геймді ұту керек. ♦Workers chose longer hours in order to save jobs. – Жұмысшылар жұмыстарын сақтау үшін ұзағырақ істеуге келісті. ♦She started a campaign to save her business. – Ол өз кәсібін сақтау үшін науқан/ кампания бастады. ♦to save a rare species from extinction – сирек особьтерді жойылудан сақтау ♦His intrepid act saved five men from death. – Оның өжеттігінің арқасында бес адам ажалдан аман қалды. 2.ақша жию/ сақтау ♦I'm not very good at saving. – Ақша онша жия алмаймын. ♦We scrimp and save to send our children to a private school. – Балаларымызды жеке(меншік) мектепке беру үшін тірнектеп ақша жиямыз. ♦I'm saving up to buy a new car. – Жаңа машинаға ақша жинаудамын. ♦∼ up We've been saving up to go to Australia. – Австралияға бару үшін ақша жиюдамыз. ♦I've saved almost £100 so far. – Әзірге £100-тай жидым. 3.үнемдеу, сақтау ♦∼ smth People are looking for ways to save money. – Жұрт ақша үнемдеу жолын ойлауда. ♦We'll take a cab to save time. – Уақыт үнемдеу үшін такси жалдаймыз. ♦Recycling waste saves energy. – Қоқысты ресайклдеу энергияны үнемдейді. ♦Book early and save £50! – Ерте заказ беріп, £50 үнемде! ♦We should try to save water. – Суды үнемдеуге тырысуымыз керек. 4.үнемдеу, сақтау, алып қою, қойып қою ♦∼ smth for smb/smth He's saving his strength for the last part of the race. – Ол жарыстың соңғы бөлігіне күшін үнемдеуде/ сақтауда. ♦We'll eat some now and save some for tomorrow. – Біразын қазір жеп, біразын ертеңге қалдырамыз. ♦∼ smth The main event is saved until last. – Басты оқиғаны ең соңына қойды. ♦∼ smb smth Save me some food. – Маған біраз тамақ қалдыршы. ♦I won't save you a seat if you're late. – Кешіксең орныңды ұстап тұра алмаймын. 5. (компьютердегі информацияны) жаттау, сақтау ♦Save data frequently. – Деректі жиі сақтап/ жаттап отыр(ғын). ♦The data can be saved to disk. – Деректі дискке сақтаса болады. 6.қиын/ жайсыз нәрсені істеуден құтылу/ жалтару ♦∼ smb from doing smth The prize money saved her from having to find a job. – Сыйға алған ақшаның арқасында оған жұмыс тауып керегі жоқ болды. ♦∼ smth She did it herself to save argument. – Артық әңгімеден қашып, ол істі өзі тындырды. ♦∼ smb smth Thanks for sending that letter for me - it saved me a trip. – Ана хатты маған жолдағаныңызға рахмет – жол жүріп әбігер болмайтын болдым. ♦∼ doing smth He's grown a beard to save shaving. – Қырынбас үшін ол сақал(ын) өсірді. ♦∼ smb doing smth If you phone for an appointment, it'll save you waiting. – Телефон шалып кездесу тағайындасаң(ыз), күтіп сарсылмайсың(ыз). 7. ∼ (smth) (футболда, тб) голдан сақтау/ құтқару, соққыны қайтару/ тойтару ♦to save a penalty – пенальтиден құтқару ♦The goalie saved Johnson's long-range shot. – Қақпашы Джонсонның алыстан бағыттаған соққысын қайтарды. 8. ∼ (smth) (христиандықта) жанын құтқару/ сақтау (яғни, адам жанын тозақтан сақтау) ♦The missionaries believed they were sent to save souls. – Миссионерлер/ Дін таратушылар өздерін адамдардың жанын сақтау үшін жіберілгенбіз деп сенді. ♦A large poster proclaimed, ‘Jesus saves.’ – Үлкен плакатта/ постерде «Иисус құтқарады» деп жазылған. 9. (idm) *smb can’t do smth to save his/her life (informal) ешнәрсеге/ еш іске шамасы келмеу ♦He couldn’t draw to save his life! – Оның қалам түртуге де шамасы келмейді. *save smb’s bacon/neck/skin/hide (informal) өзін қорғаштап, басқаларды қиын жағдайға қалдыру ♦He lied in court to save his own skin. – Өзін құтқару үшін ол сотта өтірік айтты. *save your breath (informal) бос(қа) әуреленбеу ♦Save your breath - you'll never persuade her. – Жә, болды – оны еш көндіре алмайсың. *save the day/situation сәтсіздіктен/ жеңілістен құтқару/ сақтау/ құтылу ♦Salah's late goal saved the day for Liverpool. – Салаһтың кеш соққан голы Ливерпулды аман алып қалды. *save (smb’s) face ұят жағдайдан аман қалу ♦She was fired, but she saved face by telling everyone she'd resigned. – Оны жұмыстан шығарып тастаған, алайда ұят болмасын деп ол жұртқа өзім кеттім деді. B.n (футболда, тб) голдан сақтау/ құтқару, соққыны қайтару/ тойтару ♦He made a spectacular save. – Ол керемет доп қайтарды. ♦some great saves from both goalkeepers – екі қақпашының да керемет доп қайтарулары C.prep (also ∼ for) (old use or formal) одан басқа ♦They knew nothing about her save her name. – Оның атынан/ есімінен басқа олар ол жайлы ештеңе білмеді. D.conjunction (old use or formal) (одан) басқа ♦They found out nothing more save that she had borne a child. – Оның бала туғанынан басқа олар ешнәрсе біле алмады.