savour [ˈseɪvə(r)] A.v (US savor) 1. ∼ smth аузы тұшу, дәмін алып рахаттану (syn: relish) ♦He ate his meal slowly, savouring every mouthful. – Асын асықпай, дәміне рахаттана ішті. ♦She savoured the smell of freshly-made coffee. – Ол жаңа демделген кофенің иісіне рахаттанды. 2. ∼ smth рахаттану, қызыққа бату, қызығын көру, көңіл көтеру, көңілдену (syn: relish) ♦I wanted to savour every moment. – Әр сәттің қызығын көргім келді. ♦He sat for a few moments, savouring the memory to the full. – Ол бірнеше сәт отырып, аңсай еске алды. ♦an opportunity to savour the delights of snowboarding – сноубордиңнің қызығына бататын мүмкіндік 3. (phr v) *savour of smth (formal) бір жаман нәрсе бардай көріну ♦We must avoid anything that savours of corruption. – Коррупцияға қатысты болуы мүмкін кез-келген нәрседен қашуымыз керек. B.n (also savor) (formal or literary) (жағымды) дәм не иіс ♦(figurative) For Emma, life had lost its savour. – Емма үшін өмір өзінің мән-мағынасын жоғалтты.