say

say [seɪ] A.v (pt, pp said [sed]) 1.деу, айту ♦‘Hello!’ she said. – «Сәлем!» деді ол. A legendary football coach once said, ‘Winning is everything.’ – Әйгілі футбол бапкері бір кездері «Жеңіс – бәрінен де биік» депті. Be quiet, I have something to say. – Тыныш, бірнәрсе айтайын дегенмін. I didn't believe a word she said. – Оның бір сөзіне де сенбедім. That's a terrible thing to say. – Айтуға ауыз бармайды. She said nothing to me about it. – Бұл жайында ол маған ләм демеді. it is said that… It is said that she lived to be over 100.Оны жүзден аса өмір сүрді дейді. ¨She finds it hard to say what she feels. – Ішкі сезімін айтуға ол қиналады. ‘That's impossible!’ ‘So you say.’ – «Мүмкін емес!» «Кім біледі». ‘Why can't I go out now?’ ‘Because I say so.’ – «Неге далаға шыға алмаймын?» «Болмайды дедім ғой». ‘What do you want it for?’ ‘I'd rather not say.’ – «Бұны қайтейін деп едің?» «Айтпай-ақ қояйын». He said to meet him here. – Ол оны осында жолықтырдым деді. He is said to have been a brilliant scholar. – Оны керемет ғалым болған дейді. 2. ∼ smth сөздерді қайталау ♦to say a prayer – дұға оқу/ бағыштау Try to say that line with more conviction. – Ана жолды сеніммен айтыңқырауға тырыс. 3. жазылу, көріну, айтылу ♦The notice said ‘Keep Out’. – «Әрі жүр» деп жазылған. The clock said three o'clock. – Сағат үшті көрсетті. The book doesn't say where he was born. – Кітапта оның қайда туғаны айтылмаған. ♦∼ to do smth The guidebook says to turn left. – Бағыт кітапшасында солға бұрыл дейді. 4.деу, пікір айту ♦Say what you like about her, she's a fine singer. – Қалай дегенде де ол тамаша әнші. I'll say this for them, they're a very efficient company. – Олар жайлы айтсам, олар – іскер компания. Anna thinks I'm lazy - what do you say? – Анна мені жалқау деп ойлайды, сен не дейсің? I have to say I enjoyed every minute. – Маған әр минут қызық болғанын айтуым керек. I say we go without them. – Оларсыз барғанымыз дұрыс болар. I wouldn't say they were rich. – Олар бай еді деп айтпас едім. That's not to say it's a bad movie. – Кем-кетіктері болса да нашар фильм емес.It's hard to say what caused the accident. – Оқиғаға не себеп болғанын айту қиын. ‘When will it be finished?’ ‘I couldn't say.’ – «Қашан бітеді?» «Білмеймін». Is it worth it? I would say not. – Соншама көңіл бөлетін нәрсе ме? Жоқ дер едім. 5.білдіру, аңғарту ♦His angry glance said it all. – Оның ызалы қарасы-ақ бәрін ұқтырды. Just what is the artist trying to say in her work? – Суретші туындысында не айтқысы келеді? 6.меңзеу, тұспалдау ♦That says it all really, doesn't it? – Бұл істің мән-жайын ұқтырып тұрған жоқ па? The incident says an awful lot about his character. – Оқиға оның мінезінің шатақ екенін көрсетеді. 7. (мысал ретінде) айталық, делік ♦You could learn the basics in, let's say, three months. – Бастапқы нәрселерді, айталық, үш айда үйренер едің. Let’s take any writer, say Dickens… - Кез-келген жазушыны алайық, мысалы, Диккенсті... Say you lose your job: what would you do then? – Жұмысты жоғалттың делік, сосын не істемексің? Just say he refuses to talk to you. – Ол сенімен сөйлеспей қойды делік. 8. (idm) *be easier said than done (saying) істегеннен (гөрі) айтқанға жеңіл ♦Why don't you get yourself a job?’ ‘That's easier said than done.’ – «Неге жұмыс таппайсың?» «Айтуға жеңіл». *before you can say Jack Robinson [қ-з: Jack Robinson] *enough said ​[қ-з: enough] *go without saying өзінен-өзі түсінікті нәрсе ♦Of course I'll help you. That goes without saying. – Әрине, саған көмектесемін. Онсыз да түсінікті ғой. *have smth, nothing, etc. to say for yourself бірнәрсе жайлы айтқысы келу/ келмеу ♦She doesn't have much to say for herself. – Ол көп сөйлемейді. He had plenty to say for himself. – Ол көп нәрсе айтты. Late again - what have you got to say for yourself ? – Тағы кешікті(ң) – не (сылтау) айтасың? *have smth to say (to smb) about smth ашулы болу ♦He knew that if he wasn't back by midnight, his parents would have something to say about it. – Түн ортасына қарай оралмаса, ата-анасының ашуланатынын ол білді. *having said that | that said (informal) дегенмен, алайда, бірақ *I dare say (also I daresay especially BrE)​ [қ-з: dare (А3)] *if you don’t mind me/my saying so… [қ-з: mind (В8)] *I hear what you're saying айтқаның(ыз)ды естіп тұрмын ♦I hear what you're saying, but you're wrong. – Айтқаныңды естіп тұрмын, бірақ қателесесің. *I’ll say! ​(old-fashioned, informal) иә ♦‘Does she see him often?’ ‘I'll say! Nearly every day.’ – «Ол онымен жиі жолыға(ды) ма?» «Иә! Күнде десе (де) болады». *I’m glad to say (that…) [қ-з: glad (5)] *I’m sorry to say өкінішке орай I've only done half of it, I'm sorry to say. – Өкінішке орай, жартысын ғана істедім. He didn't accept the job, I'm sorry to say. – Оған жұмыс ұнамады, өкінішке орай. *I must say (also I have to say) ​(informal) айтуым керек, айтуға тиіспін ♦The cake does look good, I must say. – Торттың тартымды екенін айтуым керек.I have to say I was impressed. – Маған ұнағанын айтуға тиіспін. *I say (BrE, old-fashioned, informal) a) таңырқауды білд ♦I say! Isn't that your friend over there?Ана тұрған досың емес пе? I say! That's a wonderful idea. – Бұл бір кермет ой/ идея екен. b) біреуді қарату/ көңілін бұру үшін айтылады ♦I say (there). Can you help me? – Маған көмектесіп жібер(іңіз)ші? *it says a lot, very little, etc. for smb/smth ​(informal) қасиетін/ сапасын/ қандай екенін аңғарту/ көрсету/ ұқтыру ♦It says a lot for her that she never lost her temper. – Оның ешқашан ашуланбағаны көп нәрсені аңғартады. It didn't say much for their efficiency that the order arrived a week late. – Заказдың бір жеті кешіккені олардың жұмысының сапасын көрсетеді. *I wouldn’t say no (to smth) (informal) жоқ демеймін, жоқ демес едім ♦I wouldn't say no to a pizza. – Пиццаға жоқ демеймін. ‘Tea, Brian?’ ‘I wouldn't say no.’ – «Шай, Брайан?» «Болады». *least said soonest mended (BrE, saying) көп әңгіме қылмаса жаман жағдай тез өтеді не ұмытылады *the less/least said the better аз сөз жақсы *let's just say әшейін делік/ деп қоялық (яғни, тәптіштемей-ақ) ♦Let’s just say she wasn’t very pleased about it. – Бұл оған ұнамады/ жақпады деп қоялық. *let us say (мысал ретінде не ойша болжай) айталық, делік ♦I can let you have it for, well let's say £100. – Саған бұны, айталық, £100-қа бере аламын. *mean to say [қ-з: mean (А7)] *needless to say [қ-з: needless (2)] *never say die ​(saying) үмітіңді жоғалтпа *no sooner said than done әп сәтте/ тез арада істелді/ істеледі *not have a good word to say for smb/smth ​(informal) біреу жайлы ешқашан жақсы сөз айтпау/ жақсы сөйлемеу ♦Nobody had a good word to say about him. – Ол жайында ешкім (де) жақсы айтпады. *not say boo to a goose (BrE) (NAmE not say boo to anyone) өте ұяң/ ұялшақ/ сыпайы болу ♦He's so nervous he wouldn't say boo to a goose. – Оның қобалжығаны соншама, үн шығара алмайды. *not to say десе де болады, тіпті ♦a difficult, not to say impossible, task – қиын, тіпті, мүмкін емес іс *say cheese суретке түсерде жыми дегенді білд *say a mouthful [қ-з: mouthful (3)] *say no (to smth) жоқ деп айту, бас тарту *say no more ​(informal) түсінікті (яғни, тәптіштеп түсіндіріп керегі жоқ) ♦‘They went to Paris together.’ ‘Say no more!’ – «Олар Парижге бірге кетті». «Түсінікті». *say your piece өз ойын ашық айту *say what? (NAmE, informal) не дейді? (таңырқауды білд) ♦‘He's getting married.’ ‘Say what?’ – «Ол үйленейін деп жатыр». «Не дейді?» *say when қашан арақ құюды не тамақ беруді тоқтатайын *say/give the word бұйыру; өтіну ♦Just say the word, and I'll go. – Айтсаң(ыз) болды, кетемін. *suffice (it) to say (that)… осы айтқанның өзі де жетеді ♦Suffice it to say that they’re having marital problems. – Некелері қиын кезеңде деп айтқанның өзі жеткілікті. *that is to say яғни, басқаша/ басқалай айтқанда ♦three days from now, that is to say on Friday – осыдан үш күннен соң, яғни, жұмада *that said | having said that дегенмен (де), сонда да, алайда *​that’s not saying much ​таңғалатын нәрсе емес ♦She's a better player than me, but that's not saying much. – Ол менен жақсы ойнайды, таңғалатын ештеңе жоқ, себебі мен өте нашар ойыншымын. *there’s no saying не боларын болжап білу қиын ​♦There's no saying how he'll react. – Оның қайтерін болжау қиын. *there’s smth, not much, etc. to be said for smth/doing smth бірн-ні істеуге/ істемеуге, сенуге/ сенбеуге, тб үлкен себеп бар *to say the least қысқа қайырғанда, тәптіштеп айтпағанда, аз айтқанда ♦I was surprised, to say the least. – Қысқасы, таңғалдым.Jane could have been more considerate, to say the least. – Қысқасы, Джейн(нің) ұқыптырақ болуы керек еді. *to say nothing of smth ​бірнәрсені айтпағанда (syn: not to mention) ♦It was too expensive, to say nothing of the time it wasted. – Тегі қымбат екен, ысырап болған уақытты айтып тұрған жоқпын. *well said! ​(informal) толықтай келісемін *what do/would you say (to smth/doing smth) ​(informal) бірнәрсеге/ өйтсе(к) қалай қарайсың(ыз)? ♦What would you say to eating out tonight? – Кешке бір жерге барып тамақтансақ қалай қарайсың? Let's go away for a weekend. What do you say? – Апта соңында бір жаққа кетелік. Қалай қарайсың? *whatever you say ​(informal) не айтсаң да келісемін *what/whatever smb says, goes ​(informal, often humorous) біреудің айтқанын істеу керек ♦Sarah wanted the kitchen painted green, and what she says, goes. – Сараның кухняны жасылға сырлағысы келген, оның айтқаны – заң. *when all is said and done алып қарағанда, бәрін екшей қарағанда ♦I know you're upset, but when all's said and done it isn't exactly a disaster. – Ренішіңді білемін, бірақ бәрін таразылағанда пәлендей бүліне қойған ештеңе жоқ. *who can say (…)? кім біледі, кім біліпті, кім білген? ♦Who can say what will happen next year? – Келесі жылы не боларын кім білген? *who says (…)? (informal) кім олай деп жүрген? ♦Who says I can't do it? – Кім мені істей алмайды деп жүрген? *who’s to say (…)? ​(не боларын) кім біледі? ♦Who's to say we would not have succeeded if we'd had more time? – Кім біледі, көбірек уақтымыз болғанда табысқа жетер ме едік? *you can say that again ​(informal) сенімен толық келісемін ♦‘He's in a bad mood today.’ ‘You can say that again!’ – «Бүгін оның көңіл-күйі нашар». «Дәл айтасың!» *you can’t say fairer (than that) (BrE, informal) бұдан жақсы/ артық ұсыныс болмайды ♦Look, I'll give you £100 for it. You can't say fairer than that. – Қара, осы үшін саған £100 ұсынамын. Бұдан артық ұсыныс болмайды. *you don’t say! ​(informal, often ironic) таңырқауды не таңырқамауды білдіреді ♦‘They left without us.’ ‘You don't say!’ – «Олар бізді тастап кетіп қалыпты». «Қиын бопты!» *you said it! (informal) a) (BrE) бұны айтқан өзің, бұны өзің айтып тұрсың ♦‘I was always stubborn as a kid.’ ‘You said it!’ – «Бала кезімде қашан да қырсық едім». «Өз аузыңнан шықты!» b) (NAmE) дұрыс айтасың ♦‘Let’s go home.’ ‘You said it! I’m tired.’ – «Кетейік үйге». «Дұрыс айтасың! Шаршадым». B.n 1.ықпал, хақ, сөз ♦∼ (in smth) We had no say in the decision to sell the company. – Компанияны сату туралы шешімде біздің ықпалымыз болмады. People want a greater say in local government. – Жергілікті билікте жұрт/ халық көбірек роль атқарғысы келеді. ♦∼ on smth The judge has the final say on the sentence. – Үкімді шығаратын - судья. 2. (idm) *have your say ​(informal) пікірін айту ♦She won't be happy until she's had her say. – Ол өз пікірін айтпайынша риза болмайды. C.exclamation (NAmE, informal) 1.оу, ой, паһ ♦Say, that's a nice haircut! – Ой, шашыңды жақсы қырқыпты! 2.иә (біреудің көңілін бұру үшін айтылады) ♦Say, how about going to a movie tonight? – Иә, бүгін кешке киноға барсақ қалай болады?