scan [skæn] A.v 1. (қағазға, тб) көз жүгірту, қарап шығу ♦∼ smth for smth I scanned the list quickly for my name. – Тізімге көз жүгіртіп, өз аты-жөнімді іздедім. ♦∼ smth We quickly scanned the menu. – Менюге тез көз жүгірттік. ♦∼ through smth (for smth) She scanned through the newspaper over breakfast. – Таңғы ас кезінде ол газетке көз жүгіртті. 2.барлау, шолу, барлай/ шоли қарау/ іздеу (syn: scrutinize) ♦∼ smth for smth He scanned the horizon for any sign of land. – Ол жер көрінеді ме деп көкжиекті барлады. ♦She scanned the room for an empty seat. – Ол бос орын іздеп бөлмені/ залды көзбен шолды. ♦∼ smth She scanned his face anxiously. – Ол оның жүзіне қобалжи қарады. ♦She scanned the street nervously, looking for the two men. – Ол екі еркекті іздей көшеге барлай қарады. 3. (computing) (сканермен) сканерлеу, скәндеу ♦∼ smth How do I scan a photo and attach it to an email? – Фотоны қалай скәндеп, имейлге тіркесем болады? ♦digitally scanned photographs – цифрлы/ санды скәнделген фотографиялар ♦This recognizes text in a scanned image. – Бұл (жабдық) скәнделген бейнедегі тексті таниды. 4. ∼ smth рентгенге түсіру, әсіредыбыспен/ ультрадыбыспен тексеру (ультразвуковое исследование (УЗИ), сонография), электромагнитпен скәндеу (электромагнитное сканирование) ♦Their brains are scanned so that researchers can monitor the progress of the disease. – Олардың миын скәндейді де зерттеушілер аурудың аяқ алысын бақылай алатын болады. 5. ∼ smth (радармен, камерамен, тб) бақылау ♦Concealed video cameras scan every part of the compound. – Жасырын видеокамералар үй-жайдың әр бұрышын бақылайды. 6. ∼ (smth) (computing) вирус іздеп тексеру ♦This software is designed to scan all new files for viruses. – Софт барлық жаңа файлдерде вирус бар-жоғын тексереді. 7. (поэзияда) тұрақты бір ырғақ/ ритм болу ♦This line doesn't scan. – Мына жолда ырғақ жоқ. 8. (phr v) *scan smth into smth | scan smth in (computing) скәндеу, сканерлеу ♦Text and pictures can be scanned into the computer. – Текст пен суреттерді скәндеп, компьютерге көшірсе болады.B.n 1.скән [қ-з: scan (А4)] ♦to have a brain scan – ми(дың) скәнін жасау 2. (қағазға, тб) көз жүгірту, қарап шығу ♦a scan of the newspapers – газеттерді қарап шығу ♦I had a quick scan down the guest list but couldn’t see my name. – Қонақтар тізіміне көз жүгіртіп едім, өзімді таба алмадым.