scarcely [ˈskeəsli] adv 1.ә(н)шейін, әрең, зорға, жоқ дерлік ♦I can scarcely believe it. – Бұған сенуім қиын. ♦We scarcely ever meet. – Онымен тіпті (де) жолықпаймыз-ау. ♦Scarcely a week goes by without some new scandal in the papers. – Газеттерде әр аптада бір дау-дамай болып жатады десе де болады. ♦There was scarcely a tree left standing after the storm. – Дауылдан кейін қалқиған ағаш (та) қалмады десе болады. 2. (с)өйте сала/ бергенде, (с)өйтуі мұң екен ♦He had scarcely put the phone down when the doorbell rang. – Телефонды қойғаны сол еді, есік шыр ете қалды. ♦Scarcely had the game started when it began to rain. – Ойын басталғаннан жауын сорғалады. 3.олай емес-ау, олай бола қоймас ♦It was scarcely an occasion for laughter. – Ол тіпті де күлетін нәрсе емес еді. ♦She could scarcely complain, could she? – Ол шағымдана алмады-ау. ♦You can scarcely blame Annie. – Әнниді кінәлауға болмас.