scene [siːn] n 1.оқиға орны ♦the scene of the accident/crime/crash – оқиға/ қылмыс/ қирау орны ♦The attacker fled the scene. – Шабуылдаған адам оқиға орнынан қашып кеткен. ♦Italy was the scene of many demonstrations at that time. – Италияда ол уақытта көп демонстрация болып жататын. ♦on the ∼ Firefighters arrived on the scene within minutes. – Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірнеше минутта жетті. 2.көрініс, оқиға орны ♦The team's victory produced scenes of jubilation all over the country. – Команданың жеңісінен соң бүткіл ел көшеге шығып тойлады. ♦a scene of devastation/carnage – бүліншілік/ қырғын болған жер ♦She witnessed some very distressing scenes. – Ол бір торықтыратын көріністерді көрді. 3.көрініс, эпизод ♦sex/fight/action/battle scenes – секс/ төбелес/ әрекет/ соғыс көріністері/ эпизодтары ♦deleted scenes – қиылған эпизодтар ♦to film/shoot a scene – көрініс/ эпизод түстіру ♦They shot the opening scene 15 times. – Кіріспе эпизодты 15 рет түсірді. ♦I got very nervous before my big scene. – Өз эпизодыма/ көрінісіме шығар алдында қатты қобалжыдым. 4. (театрда) көрініс, сцена ♦Act I, Scene 2 of ‘Macbeth’ – «Макбеттің» І-акті, 2-көрінісі. 5. the ∼, the… ∼ (informal) өмір, тіршілік, (өмірдегі) көрініс, сахна, сала, арена ♦the art/club scene – өнер саласы/ клубтағы тірлік ♦on the… ∼ a newcomer on the music scene – музыка саласындағы/ сахнасындағы жаңа адам ♦to compete on the international scene – халықаралық деңгейде жарысу ♦Tarantino burst onto the cinema scene in the ’90s. – Тарантино кино әлеміне 90 жж бұза-жара енді. ♦After years at the top, she just vanished from the scene. – Талай жыл жоғары деңгейде болған соң, ол жым-жылас жоқ болды. 6.көрініс ♦a delightful rural scene –жадырататын ауылды аймақ көрінісі ♦They went abroad for a change of scene. – Олар шетелге, басқаша өмір сүріп көруге кетті. ♦We stood and surveyed the scene. – Көрініске қарап тұрдық. 7.көрініс ♦an exhibition of Parisian street scenes – Париж көшелері көріністері көрмесі ♦He painted scenes of country life. – Ол ауыл өміріндегі көріністерді салды. 8.жұрттың көзінше болған ұят боларлық дау/ керіс, «сахна», «көрініс» ♦She had made a scene in the middle of the party. – Ол жиын-тойдың ортасында дау шығарып, жұртты өзіне қаратты. ♦‘Please leave,’ he said. ‘I don't want a scene.’ – «Кетші», деді ол. «Маған жұрт көзінше шудың керегі жоқ». 9. (idm) *behind the scenes a) сахна арты ♦The students were able to go behind the scenes to see how programmes are made. – Студенттер сахна артына барып, программалардың қалай жасалатынын көрді. b) «сахна арты», жұрттың көзінен таса ♦A lot of negotiating has been going on behind the scenes. – Келіссөздердің көпшілігі сахна артында (беймәлім) жүріп жатыр. ♦behind-the-scenes work – көпке білдіртпей істеу *not smb’s scene (informal) жақсы көретін нәрсе ♦Hillwalking is not my scene, so I stayed at home. – Жотаға шығып серуендеуді ұнатпаймын, сондықтан үйде қалдым. *set the scene (for smth) a) жағдай жасау/ тудыру ♦The prison riots have set the scene for major reform. – Түрмедегі бүліктер ірі реформаға жол ашты. b) кіріспе мәлімет беру, бірнәрсеге кірісер алдында мән-жайды ұқтыру ♦The first part of the programme was just setting the scene. – Программаның бірінші бөлігі – кіріспе көрініс.