scorch [skɔːtʃ] v 1. күю; күйдіру, күйгізу ♦∼ (smth) I scorched my dress when I was ironing it. – Үтіктеп жатып көйлегімді күйдіріп алдым. Don't stand so near the fire - your coat is scorching! – Отқа тым жақын тұрма – үст киімің күйіп жатыр! ♦∼ smth The buildings around us were scorched black by the fire. – Төңірегіміздегі үй-жайлар өртке күйіп, қарайып қалды. 2. ∼ (smth) (күнге) күю; күйгізу, күйдіру; сарғаю, қурау, солу, құрғату ♦scorched grass – күнге күйген шөп The leaves will scorch if you water them in the sun. – Күн көзінде суарсаң, жапырақтар сарғаяды. 3. (BrE, informal) өте тез қозғалу, зыту, заулау, зулау ♦The car scorched off down the road. – Машина жолмен төмен заулады. She scorched to victory in the sprint final. – Спринттің финалында ол заулап отырып жеңіске жетті.