score [skɔː(r)] A.v 1.ұпай алу; гол салу ♦Fraser scored again in the second half. – Ойынның екінші жартысында Фрейзер тағы да гол салды. ♦∼ smth to score a goal/victory/point – гол салу/ жеңіске жету/ ұпай алу ♦He scored 20 points in 36 minutes. – Ол 36 минутта 20 ұпай алды. ♦He scored 30 goals in 20 games. – Ол 20 ойында 30 гол салды. 2. (ұпайларды, голдарды) есептеу, тіркеу ♦Who's going to score? – Ұпайларды кім есептейтін болады? 3. (емтиханда, тб) баға/ балл/ ұпай алу ♦∼ smth She scored 98 per cent in the French test. – Француз тілі емтиханынан ол 98 балл алды. ♦Girls usually score highly in language exams. – Тіл емтихандарында қыздар әдетте көп баға алады. 4. ∼ smth бағалау, баға/ балл/ ұпай беру ♦The tests are scored by psychologists. – Сынақтарды психологтар бағалайды. ♦Score each criterion on a scale of 1 to 5. – Әр талапқа/ критерийге 1-ден 5-ке дейін баға бер. ♦a scoring system – бағалау жүйесі 5. ∼ smth белгілі бір бағаға/ ұпайға/ баллға тең болу ♦Each correct answer will score two points. – Әр дұрыс жауап екі ұпайға тең. 6.табысты болу, ұту; басқалардан жақсы болу ♦∼ (smth) The army continued to score successes in the south. – Армия елдің оңтүстігінде табысты болып жатты. ♦Lewis scored a win with a hugely funny sketch about a car salesman. – Льюистің машина сатушы туралы аса қызықты кескіні ұтты. ♦She's scored again with her latest blockbuster. – Оның кейінгі фильмі тағы да сәтті шықты. ♦∼ over smth Bicycles score over other forms of transport in towns. – Қалада көліктің басқа түріне қарағанда велосипед жақсы. 7.муз-қ аспаптарға не дауыстарға арнап музыка жазу ♦be ∼d for smth The piece is scored for violin, viola and cello. – Музыка скрипка, альт және виоленчель үшін жазылған. ♦∼ smth The director invited him to score the movie. – Директор оны киноға музыка жазу үшін шақырды. 8. ∼ smth кесу, тілу; белгілеу, таңбалау ♦Score the card first with a knife. – Қағазды алдымен пышақпен тіл. 9. ∼ (with smb) (slang) жыныс қатынасына түсу 10. ∼ (smth) (slang) есірткі/ наркотик сатып алу/ табу 11. (idm) *score a point/points (off/against/over smy) ұпай алу, біреуге қарағанда білімі, тб артық екенін көрсету ♦He was always trying to score points off his teachers. – Ол ылғи мұғалімдерімен пікір таластырып жүретін.12. (phr v) *score off smb (especially BrE) ұпай алу, біреуге қарағанда білімі, тб артық екенін көрсету ♦He was always trying to score off his teachers. – Ол ылғи мұғалімдерімен пікір таластырып жүретін. *score smth out/through бірн-ң үстін/ бірн-ені ♦Her name had been scored out on the list. – Оның атын тізімнен сызып тастады. B.n 1. (ойында, сайыста алған) есеп, ұпай ♦a high/low score – ірі есеп/ аз есеп ♦What's the score now? – Қазір есеп қанша? ♦The final score was 4-3. – Ақтық есеп 4-3 (төрт те үш) болды. ♦A penalty in the last minute of the game levelled the score 2-2. – Соңғы минуттағы пенальти есепті 2-2 (екі де екі) етіп теңестірді. 2. (especially NAmE) (емтиханда, сынақта алған) баға, ұпай, балл ♦test scores – сынақ бағалары ♦an IQ score of 120 – 120 баллдық интеллект коэффициенті ♦a perfect score – үздік баға ♦to get a high/low score – жоғары/ төмен балл алу 3. партитура (көп дауысты/ дыбысты шығарманың барлық дауыстарының/ дыбыстарының нотаға түсірілген жиынтығы) ♦an orchestral score – оркестр партитурасы ♦the score of Verdi’s ‘Requiem’ – Вердидің «Реквиемінің» партитурасы 4.фильмге, пьесаға арнап жазған музыка ♦an award for best original score – фильмдердегі үздік музыка сыйлығы ♦The score for the movie was composed by John Williams. – Киноның музыкасын Джон Уильямс жазған. 5. (pl ∼) 20-дан құралған топ/ жинақ, (шамамен) жиырма ♦Several cabs and a score of cars were parked outside. – Бірнеше такси мен жиырмашақты машина сыртта тұрды. ♦the biblical age of three score years and ten – үш жиырма мен он (яғни, 70) дейтін інжілдегі жас 7.∼s көптеген, талай ♦There were scores of boxes and crates, all waiting to be checked and loaded. – Онда тексеріліп, тиелетін көптеген жәшік болды. 6. (өткір нәрсемен жасаған) тілік, кертік 8. the ∼ (informal) нақты жағдай, істің мән-жайы ♦What's the score? – Не болып жатыр? ♦You don't have to lie to me. I know the score. – Мені алдамай-ақ қой. Істің мән-жайын білемін. 9. (idm) *even the score [қ-з: even (С1)] *on that/this score ол/ бұл мәселе жайлы ♦You don't have to worry on that score. – Ол мәселе жайлы уайымдамай-ақ қой. *settle a score/accounts (with smb) | settle an old score «есепті түгендеу», қарымын/ қарымтасын/ есесін/ кегін қайтару, өшін алу ♦‘Who would do such a thing?’ ‘Maybe someone with an old score to settle.’ – «Бұндайды кім істейді?» «Бұрыннан кектеніп жүрген біреу болар».