scrap [skræp] A.n 1.қиық, жұлым, жұлма, жапырақ, қиынды, жырым, кесінді, жыртық, жыртынды ♦She scribbled his phone number on a scrap of paper. – Ол оның телефон номерін бір жапырақ қағазға жазды. ♦a rug made out of old scraps of material – құрақ төсеніш ♦(figurative) scraps of information – құрақ мәлімет ♦(figurative) She was just a scrap of a thing. – Ол титтей біреу еді. 2.аз/ болмашы нәрсе (syn: bit) ♦There's not a scrap of evidence to support his claim. – Оның сөзіне титтей де дәлел жоқ. ♦a barren landscape without a scrap of vegetation – титтей де шөбі жоқ тақыр жер ♦He ate every last scrap of the food. – Ол тамақты жалап-жұқтай жеді. 3. ∼s жұғын, тамақтан қалған қалдық ♦Give the scraps to the dog. – Тамақтың қалғанын итке бер. 4.темір-терсек; тастанды (нәрселер) ♦for ∼ We sold the car for scrap. – Машинаны темір-терсекке саттық (яғни, кейбір бөлшектерін пайдаланса болады). ♦scrap metal – темір-терсек, темір сынықтары ♦a scrap dealer – темір-терсек алып-сатушы 5. (informal) төбелес, ерегес (syn: squabble, scuffle) ¨He was always getting into scraps at school. – Ол мектепте ерегеседі де жүретін. B.v 1. ∼ smth жою, болдырмау, тастау ♦They had been forced to scrap plans for a new school building. – Олар жаңа үй-жай саламыз деген жоспарынан айнуға мәжбүр болды. ♦The oldest of the aircraft were scrapped. – Ұшақтардың ең ескісін темір-терсекке өткізді. 2. (informal) төбелесу ♦The bigger boys started scrapping. – Үлкенірек балалар төбелесе бастады.