scrape [skreɪp] A.v 1. (өткір нәрсемен бірнәрсенің бетін) қыру, қырып алу/ кетіру ♦∼ smth She scraped the mud off her boots. – Ол балшықты ботинкасынан қырды. ♦We scraped away the top layer of wallpaper. – Тұсқағаздың/ Обоидың үстіңгі қабатын қырдық. ♦∼ smth The kids had scraped their plates clean. – Балалар табақтарын/ тарелкаларын жалап-жұқтап қойды. 2. (байқамай) сырып алу, сыру ♦∼ smth She fell and scraped her knee. – Ол құлап, тізесін сырып алды. ♦∼ smth I scraped the side of my car on the wall. – Машинамның бір бүйірін қабырғаға сырып алдым. ♦The wire had scraped the skin from her fingers. – Сымтемір саусақтарын сырып кетіпті. ♦I scraped my elbow on the wall as I cycled past. – Велосипедпен өткенде шынтағымды қабырғаға сырып алдым. 3.сыру, қажау, (с)үйкеу, ысу ♦I could hear his pen scraping across the paper. – Қаламымен қағазға сүйкелеп жатқанын естідім. ♦Bushes scraped against the car windows. – Бұталар машина терезелерін сырды. ♦We could hear her scraping away at the violin. – Оның скрипкасын ысқылай ойнап жатқанын ести алдық. ♦∼ smth Don't scrape your chairs on the floor. – Орындықтарыңмен еденді сырма. ♦Patrick lifted the gate to prevent it from scraping along the ground. – Қақпа жерді сырмасын деп Патрик оны көтерді. 4. ∼ (smth) әрең жеңу/ өту/ жету ♦The team scraped a narrow victory last year. – Команда өткен жылы әзер дегенде жеңді. ♦(BrE) I just scraped a pass in the exam. – Емтиханнан әрең өттім. ♦They scraped a living by playing music on the streets. – Олар көшеде музыка ойнап күнелтті. ♦The government scraped home by three votes. – Үкімет әрең, үш дауыс артық алып қана жеңді. 5. ∼ smth (out) (жерді) тесу, ою ♦He found a suitable place, scraped a hole and buried the bag in it. – Ол ыңғайлы жер тауып, қазып, сумканы сонда көмді. 6. ∼ your hair back шашын артқа түю ♦Her hair was scraped back from her face in a ponytail. – Шашын артқа, атқұйрық ете түйіпті. 7. (idm) *bow and scrape (disapproving) [қ-з: bow 2(А3)] *scrape (the bottom of) the barrel (disapproving) «кеспек түбін қыру», барды талғажау ету, қолда бар нәрсені/ адамды пайдалану 8. (phr v) *scrape by (on smth) барды талғажау ету, қолда бар ақшаға, тб күнелту ♦I can just scrape by on what my parents give me. – Әшейін ата-анам берер нәрсеге күнелтемін. *scrape in | scrape into smth әрең (дегенде) қолы жету/ жету/ орналасу, тб ♦He scraped in with 180 votes. – Ол 180 дауыспен әрең өтті. ♦Our team just scraped into the semi-finals. – Командамыз жарымфиналға әрең өтті. *scrape smth out (өткір нәрсемен) қырып/ қырнап алу ♦Scrape out the flesh of the melon with a spoon. – Қауын(ның) етін қасықпен қырып ал(ғын). *scrape through | scrape through smth (емтиханнан, тб) әрең өту ♦I might scrape through the exam if I'm lucky. – Жолым болса, емтиханнан өтуім мүмкін. ♦The Conservatives managed to scrape through to an election victory. – Консерваторлар әрең дегенде жеңіске жетті. *scrape smth together/up әрең жию/ алу ♦They managed to scrape up $50 000 from supporters. – Жақтаушылардан әрең дегенде $50 000 жидық. ♦We managed to scrape together eight volunteers. – Әзер дегенде сегіз ерікті таптық. B.n 1.сыру, қажау, үйкеу, ысу не осылай еткенде шыққан дыбыс ♦the scrape of iron on stone – темірдің тас қажаған үні ♦She felt the scrape of wall against bare skin. – Ол қабырғаның терісін қажағанын сезді. ♦the scrape of chairs being moved – сүйреткен орындықтар шықыры 2.сырылған/ қажалған тұс/ жер ♦She emerged from the overturned car with only a few scrapes and bruises. – Ол төңкерілген машинадан бірнеше жері ғана сырылып, көгеріп аман шықты. 3. (old-fashioned) өзі ұрынған қиын жағдай, сау басына сақина, өзі тілеп алған пәле ♦He was always getting into scrapes as a boy. – Бала күнінде ол ылғи бірнәрселерге ұрынатын да жүретін. ♦a scrape with the law – полицияға ұрыну