scratch [skrætʃ] A.v 1. қасу, тырнау, тырналау ♦∼ smth John yawned and scratched his chin. – Джон есінеп, иегін қасыды. ♦∼ (yourself) The dog scratched itself behind the ear. – Ит құлағының артын қасыды. ♦Try not to scratch. – Қасымауға/ Тырнамауға тырыс. ♦∼ at smth She scratched at the insect bites on her arm. – Ол қолының маса шаққан жерін қасыды. 2. (терісін, үстін) сыру, сырып алу, тырнау, тілу, кесу ♦∼ (smb/smth/yourself) I'd scratched my leg and it was bleeding. – Аяғымды сырып алып, енді қанап жатыр. ♦Does the cat scratch? – Мысық тырнай(ды) ма? ♦∼ smb/smth/yourself on smth She scratched herself on a nail. – Үстін шегеге сырып алды. 3. ∼ smth (бірн-ні, бірн үстін) сыру, сызу ♦Be careful not to scratch the furniture. – Мебельді сырып алма. ♦The car's paintwork is badly scratched. – Машинаның сыры қатты сырылыпты/ сызылыпты. 4. ∼ smth тырнай сызу, (өткір я үшкір нәрсемен) сызу, таңбалау; белгіні/ таңбаны кетіру/ өшіру ♦Some graffiti had been scratched on the back of the door. – Есіктің сыртына бір граффитиді тырнай сызып салыпты. ♦We scratched some of the dirt away. – Кейбір кірді тырнап кетірдік. ♦(figurative) You can scratch my name off the list. – Есімімді тізімнен сызып тастасаң болады. 5.тырналау, тырнау ♦His pen scratched away on the paper. – Қаламы қағазды тырналай жазды. ♦We could hear mice scratching behind the wall. – Қабырға артында тырналап жатқан тышқанды естідік. ♦The dog kept scratching at the door to go out. – Ит тысқа шығу үшін есікті тырналай берді. 6. ∼ a living күнкөрісті тірнектеп жию ♦75% of the population scratch a living from the soil. – Тұрғындардың 75%-і жерден күн көреді. 7.болғызбау, болдырмау, болғызбай тастау ♦∼ smb/smth to scratch a rocket launch – ракетаны ұшырмау ♦∼ (from smth) She had scratched because of a knee injury. – Тізе жарақатына байланысты ол қатыспады. 8. (idm) *scratch your head (over smth) қиын мәселе жайлы қатты ойлану, бас қатыру ♦Experts have been scratching their heads over the increase in teenage crime. – Жеткіншектер қылмысының артуы эксперттердің басын қатыруда. *scratch the surface (of smth) мәселенің бір шетін/ ұшын/ бөлігін ғана білу, сонымен ғана айналысу, тб ♦We left feeling that we had just scratched the surface of this fascinating country. – Бұл керемет елдің бір шетін ғана көргенімізді ұқтық. ♦The investigation barely scratched the surface of the city's drug problem. – Тергеу/ Зерттеу қаладағы есірткі/ наркотик проблемасының бір шетін ғана түртті. *you scratch my back and I’ll scratch yours (saying) «сен менің арқамды қасисың, мен сенің арқаңды қасимын», сен маған, мен саған 9. (phr v) *scratch around/ about (for smth) қиналып іздеу *scratch smth out сызып тастау B.n 1.тырнақ/ тікен, тб ізі, тырналған/ сырылған із, сызат, сызық ♦Her hands were covered in scratches from the brambles. – Қолдарын бөрткен (қара бүлдірген) сызғылап/ тілгілеп тастапты. ♦a scratch on the paintwork – сырдағы/ бояудағы сызат/ сызық ♦It's only a scratch. – Сәл ғана сырыпты. ♦without a ∼ He escaped without a scratch. – Дін-аман қалыпты. 2.тырнағанда, сырғанда, тсс шығатын дыбыс 3.қасу, тырнау, тырналау 4. (idm) *from scratch басынан бастап, мүлде жаңадан ♦I learned German from scratch in six months. – Неміс тілін басынан бастап алты айда үйрендім. ♦He built the orchestra up from scratch. – Ол оркестрді жаңадан құрды. *up to scratch ойдағыдай, көңіл көншітерлік (syn: satisfactory) ♦His work simply isn't up to scratch. – Оның жұмысына көңіл толмайды. C.adj (BrE) (асығыс) құрай/ құрастыра салған ♦a scratch team – асығыс жиған команда/ топ