screen [skriːn] A.n 1.экран (телевизордың, компьютердің, тб) ♦a computer screen – компьютер экраны ♦a monitor with a 21-inch screen – экраны 53 см-лік монитор ♦They were staring at the television screen. – Олар телевизор экранына қарап отырды. ♦Move your cursor to the top of the screen. – Курсорды экранның жоғары жағына жылжыт/ қозға. 2.экран (кино, фильм көрсететін) ♦a cinema/movie screen – киноэкран ♦an eight-screen cinema – сегіз экраны бар кинотеатр ♦The film hits cinema screens in November. – Фильм кинотеатрларда қарашада көрсетіледі. 3. (often the ∼) экран (яғни, фильмдер, кино, телевизор) ♦He has adapted the play for the screen. – Ол пьесаны киноға икемдеді./ Ол пьеса бойынша кино түсірді. ♦His face never appears on screen. – Ол ешқашан экраннан көрінбейді. ♦She was a star of stage and screen. – Ол театр және кино жұлдызы еді. ♦a screen actor – киноактер ♦She has great screen presence. – Ол экраннан тартымды көрінеді. ♦He made his screen debut in 1954 as a stable boy. – Ол киноға алғаш рет 1954 жылы атқорашы бала болып түсті. ♦the screen adaptation of a novel – романды фильмге бейімдеу 4. (компьютерде) терезе (окно) ♦Press the F1 key to display a help screen. – Көмек терезесін көру үшін F1-ді бас(ыңыз). ♦Can you do a printout of this screen for me? – Осы терезені маған басып шығарып берші? ♦I posted the screen grab on Twitter. – Экран суретін твиттерге қойдым. 5.қалқа, керме, қоршау, таса, шымылдық, перде ♦The nurse put a screen around the bed. – Медбике төсекті айналдыра қалқа/ керме қойды. ♦A wooden screen hid one corner of the room. – Ағаш қалқа бөлменің бір бұрышын жауып тұрды. ♦She went behind the screen and changed into the ballet costume. – Қалқаның артына барып ол балет костюмін киді. 6.қалқа, қоршау, таса ♦∼ (of smth) We planted a screen of tall trees. – Биік ағаштарды тізе ектік. ♦A screen of bodyguards protected the President. – Президентті оққағарлар қоршап жүрді. ♦behind a ∼ of smth (figurative) All the research was conducted behind a screen of secrecy. – Барлық зерттеу құпия жағдайда жүргізілді. 7. (especially NAmE) (терезеге, есікке маса, тб кірмес үшін керілетін) тор (сетка) ♦Do you have screens on your windows? – Терезелерің(із)де тор бар ма? 8.тексеру, тексеріс ♦You should get a health screen every couple of years. – Әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуің(із) керек. ♦Candidates for this position must be able to pass a drug screen. – Осы қызметке кандидаттар есірткі/ наркотик тексерісінен өте алуы керек. 9. (idm) *on/off the radar (screen) [қ-з: radar (2)] B.v 1. ∼ smth (телевизорда, кинотеатрда, тб) көрсету ♦a list of films to be screened as part of the festival – фестивальде көрсетілетін фильмдер тізімі ♦The fight was screened live all over the world. – Жекпе-жекті бүткіл әлемге көрсетті. ♦The programme was screened on 24 December. – Программаны желтоқсанның 24-інде көрсетті. 2. ∼ smb (for smth) (денсаулығын) тексеру ♦Men over 55 should be regularly screened. – 55-тен асқан ерлер ылғи тексеріліп тұруы керек. 3. ∼ smb (қызметкерлерді, тсс қауіпсіздік мәселесі бойынша) тексеру ♦Government employees may be screened by the security services. – Мемлекет қызметкерлерін қауіпсіздік қызметтері тексеруі мүмкін. ♦All foster parents are carefully screened. – Асырап алатын ата-аналарды мұқият тексереді. 4. ∼ smth тексеру ♦I use my voicemail to screen my phone calls. – Телефон шалуларды тексеру үшін дауысмейлді тексеремін. 5. ∼ smth/smb (from smth/smb) қалқалау, жасыру, көлегейлеу, көрсетпеу, тасалау, қорғау (syn: shield) ♦Dark glasses screened his eyes from the sun. – Қара көзәйнек көзін күннен тасалады. 6. (phr v) *screen smth off бөлменің бір бұрышын қалқамен/ кермемен/ қоршаумен бөлу ♦Beds can be screened off to give patients more privacy. – Пациенттерді/ Науқастарды оңаша қалдыру үшін төсектерді кермемен оқшауласа болады. *screen smb out (қауіпсіздік себептеріне байланысты) біреуді елге кіргізбеу, ұйымға алмау *screen smth out сүзіп алу, сүзу, өткізбеу, жібермеу ♦The ozone layer screens out dangerous rays from the sun. – Озон қабаты күннің қатерлі сәулелерін сүзеді/ тосады.