screw [skruː] A.v 1. ∼ smth бұрандамен/ винтпен/ шуруппен/ бұрамамен бекіту/ ұстату/ мықтау, бұрап бекіту ♦The bookcase is screwed to the wall. – Кітап сөресін қабырғаға бұрандамен бекітті. ♦You need to screw all the parts together. – Барлық бөліктерін бұрандамен біріктіруіміз керек. ♦Now screw down the lid. – Енді қақпағын бұрандамен бекіт. 2. бұрап мықтау/ бекіту/ жабу ♦She screwed the cap back on the jar. – Ол ыдыстың қақпағын қайтадан бұрап жапты. ♦Screw the bolt tight. – Ол болтты/ бұранданы бұрап мықтады. ♦The bulb should just screw into the socket. – Лампочканы әшейін патронға бұрау керек. ♦The lid simply screws on. – Қақпақты жай бұраса болды. 3.жұмарлау, илектеу, домалақтай умаждау, домалақтау ♦∼ smth up (into smth) She screwed the letter up and threw it in the bin. – Ол хатты умаждады да қоқыс салғышқа тастады. ♦∼ smth (up) into smth Screw the foil into a little ball. – Ол фольганы умаждап домалақтады. 4. (slang) біреуді алдап қалтасын қағу ♦∼ smb We've been screwed. – Қалтамызды қақты. ♦∼ smb for smth How much did they screw you for? – Саған қанша төлетті? 5. ∼ smth from/out of smb (informal) біреуді бірнәрсе беруге мәжбүрлеу/ көндіру ♦They screwed the money out of her by threats. – Олар оны қорқытып ақшасын алған. 6. ∼ (smb) (taboo, slang) жыныс қатынасына түсу 7. (idm) *have your head screwed on (the right way) (informal) [қ-з: head (А21)] *screw him, you, that, etc. (taboo, slang) құрығыр, көгермегір, тсс *screw up your courage күш-жігерін/ қайратын жию ♦I finally screwed up my courage and went to the dentist. – Ақыры күш-жігерімді жиып, тіс дәрігеріне бардым.8. (phr v) *screw around (taboo, slang) әркіммен жыныс қатынасына түсу *screw up (slang) жағдайды былықтыру/ нашар ету, бүлдіру (syn: mess up) ♦You really screwed up there! – Ана жерде бүлдірдің ғой! *screw smb up (slang) қайғырту, құлазыту, есеңгірету ♦Her father's death really screwed her up. – Әкесінің өлімі оны есеңгіретіп тастады. *screw smth up a) бұрандамен/ винтпен/ шуруппен/ бұрамамен бекіту/ ұстату/ мықтау, бұрап бекіту ♦to screw up a crate – жәшікті (бұрандамен) бұрап бекіту b) (BrE) бұрап жабу/ бекіту ♦I screwed up the jar and put it back on the shelf. – Ыдыстың аузын бұрап жауып, қайтадан сөреге қойдым. c) (slang) нашар істеу, бүлдіру ♦Don't screw it up this time. – Бұл жолы бүлдіріп жүрме. ♦It was his life and if he screwed it up - too bad! – Өз өмірі еді ғой, бүлдірсе – тым жаман бопты! *screw your eyes/face up тыжырыну, тыжырану, тыжыраю ♦He took a sip of the medicine and screwed up his face. – Ол дәріні бір ұрттады да бетін тыжырайтты. B.n 1. бұранда, винт, шуруп, бұрама ♦One of the screws is loose. – Бұранданың/ Винттің біреуі босап кетіпті. ♦Now tighten all the screws. – Енді барлық бұранданы/ шурупті бұра. 2. (бұранданы, винтті) бұрау 3. (taboo, slang) жыныс қатынасына түсу 4. (taboo, slang) ойнас, көңілдес, секс-партнер 5. пропеллер (кеменің, ұшақтың, тб) 6. (BrE, slang) абақты/ түрме қызметкері/ офицері 7. (idm) *have a screw loose [қ-з: loose (А11)] *put the screws on (smb) біреуді қорқытып-үркітіп істету *a turn of the screw қысымды күшейте түсу, тәртіпті/ бақылауды қатайта түсу