scrub [skrʌb] A.v 1.үйкеп/ ысып тазалау, үйкеу, ысу ♦I found him in the kitchen, scrubbing the floor. – Оны кухняда(н), еденді ысқылап жатқан жерінен таптым. ♦He stepped into the shower and scrubbed himself all over. – Душқа кіріп, денесін түгел ысқылады/ ысты. ♦She scrubbed the counters down with bleach. – Ол столдарды тазартқышпен ысып, тазалап шықты. ♦The woman scrubbed at her face with a tissue. – Әйел бетін салфеткамен сүртті. ♦Scrub the vegetables clean. – Көкөністі ысып жу. 2. ∼ smth (informal) болғызбай тастау, айну ♦We scrubbed the idea in the end. – Соңында бұл ойдан айныдық. 3. (phr v) *scrub smth off | scrub smth off smth ысып/ ысқылап/ үйке(ле)п кетіру *scrub smth out (бірн-ң іш жағын) ысып/ ысқылап/ үйке(ле)п кетіру ♦He scrubbed out the pans and left them to drain. – Табалардың ішін ысып тазалады да сорғытып қойды. *scrub up (дәрігер, медбике ж) операциядан бұрын қолын тазалап жуу B.n 1. [қ-з: scrub (A1)] ♦I've given the floor a good scrub. – Еденді жақсы ысып сүрттім. 2.бұталар, жыңғыл ♦The vegetation consisted of low scrub. – Аласа бұталар өсіп тұрды. ♦The bird disappeared into the scrub. – Құс жыңғылдың ішіне кіріп жоқ болды. 3. (also scrubland) бұта/ жыңғыл өскен қуаң жер ♦miles of desert scrub – талай шақырым құм жыңғылы өскен жер 4. ∼s (specialist) хирург киімі/ костюмі