scrunch [skrʌntʃ] A.n шықыр(лаған дыбыс) ♦the scrunch of tyres on the gravel – шағылмен жүрген дөңгелектер шықыры B.v 1.шықырлау, сықырлау (syn: crunch) ♦The snow scrunched underfoot. – Қар аяқ астында сықырлады. 2. ∼ smth (up) умаждау, (қолдың уысымен) домалақтау ♦He scrunched up the note and threw it on the fire. – Ол хатты умаждады да отқа тастады. 3. ∼ smth (up) бүрісу, жиырылу, бүктетілу; тыжыраю, тыржию, кіржию; сығырайту (көздерін) ♦The hedgehog scrunched itself up into a ball. – Кірпі бүктетіліп, домаланды да қалды. ♦She scrunched up her face, as if about to cry. – Ол кемсеңдеді. ♦He scrunched his eyes tightly. – Ол көздерін қатты сығырайтты. 4. ∼ smth шашын жеңіл толқындату/ бұйралау