scrupulous [ˈskruːpjələs] adj 1. мұқият, шұқшима, зер салғыш, көзден таса қалдырмайтын, тиянақты, тыңғылықты, ұқыпты, құнтты, ықтиятты (syn: meticulous) ♦You must be scrupulous about hygiene when you're preparing a baby's feed. – Сәбидің тамағын әзірлегенде тазалыққа ұқыпты болуың керек. ♦scrupulous attention to detail – әр бөлігіне мұқият зер салу/ үңілу 2. ∼ (in smth/in doing smth) мұқият, ұқыпты, құнтты (opp: unscrupulous) ♦He was scrupulous in all his business dealings. – Кәсібінің қай ісінде де ол ұқыпты еді. ♦She has a reputation for scrupulous honesty. – Ол турашылдығымен белгілі.