scuffle [ˈskʌfl] A.n ∼ (with smb) | ∼ (between A and B) жағаласу, ұстасу, айқасу ♦Scuffles broke out between police and demonstrators. – Полиция мен демонстранттар ұстасып қалды. ♦He was involved in a scuffle with a photographer. – Ол фотографпен жағаласқан. B.v 1. ∼ (with smb) жағаласу, ұстасу, айқасу ♦She scuffled with photographers as she left her hotel. – Қонақ үйден кетер кезде ол фотографтармен жағаласып қалды. ♦They scuffled for a few minutes, but did not exchange blows. – Бірнеше минут олар жағаласқанмен, бір-біріне қол жұмсамады. 2.тысырлай/ тасырлай қозғалу ♦Some animal was scuffling in the bushes. – Бір аң бұталарда тысырлап жатты.