search [sɜːtʃ] A.n 1.іздеу, қарау ♦∼ for smb/smth a long search for the murder weapon – кісі өлтірген қаруды ұзақ іздеу ♦She began a search for new premises – Ол жаңа үй қарай бастады. ♦The search for a cure goes on. – Ем іздеу жалғасуда. ♦The search is on for someone to fill the post. – Осы қызметке адам іздеу басталды. ♦Police conducted a fingertip search of the garden. – Полиция бақты сүзіп шықты. ♦Eventually the search was called off. – Ақыры іздеуді тоқтатты. ♦a search and rescue team – іздеп құтқару тобы 2.интернеттен іздеу/ қарау ♦I've just done a search on the internet and came up with this website. – Қазір ғана интернетті қарап, мына уэб-сайтты таптым. ♦∼ on smth A Google search on her name yielded nothing. – Оның атын гуглдан іздегеннен ешнәрсе шықпады. B.v 1. іздеу, қарау; тексеру ♦∼ for smth/smb She searched in vain for her passport. – Ол паспортын іздеп босқа әуреленді. ♦Police searched for clues in the area. – Полиция осы/ сол тұстан айғақ қарады/ іздеді. ♦The customs officers searched through our bags. – Кеден қызметкерлері сумкаларымызды тексеріп шықты. ♦Firefighters searched the buildings for survivors. – Өрт сөндірушілер үй-жайларды аман қалғандар бар ма екен деп қарады. ♦We are continually searching for ways to cut costs. – Біз үнемі шығындарды азайту жолдарын қарастырамыз/ іздейміз. ♦She paused, searching for the right word. – Ол дұрыс сөз іздеп кідірді. 2. интернеттен іздеу/ қарау ♦∼ for smth You can search for any word or phrase in the text. – Текстегі кез-келген сөзді не фразаны интернеттен қараса болады. ♦∼ smth The database can be searched by keyword, topic or source. – Негізгі сөз, тақырып не сілтеме енгізу арқылы (керекті мәліметті) дерекқордан қараса болады. ♦∼ smth for smth I searched the internet for recipes. – Интернеттен рецепт қарадым. 3.тексеру, тінту, қарау ♦∼ smb Visitors are regularly searched as they enter the building. – Үй-жайға келушілерді келген бойда ылғи тексереді. ♦∼ smb for smth The youths were arrested and searched for anything that would incriminate them. – Жастарды тұтқындап, күдікті бірнәрселер бар ма екен деп үстілерін тінтті. 4. (idm) *search me (informal) «мені тінті!», кім білсін/ біледі ♦‘Why didn't she say anything?’ ‘Search me!’ – «Ол неге ләм демеді?» «Кім білген!» 5. (phr v) *search smth/smb out іздеп табу, сүзе қарау, барлау, үңілу (syn: track smb/smth down) ♦Fighter pilots searched out and attacked enemy aircraft. – Ұшқыштары жау ұшақтарын іздеп тауып, шабуылдады.