season [ˈsiːzn] A.n 1.мезгіл (яғни, көктем, жаз, күз, қыс) (сезон) ♦Autumn is my favourite season. – Күз – сүйікті мезгілім. ♦the effect on plants as the seasons start to change – мезгілдер өзгере бастауының өсімдіктерге әсері 2. the dry/rainy/wet ∼ құрғақ/ жаңбырлы/ ылғалды кез/ маусым (сезон) ♦In this climate there are no real changes of temperature, just a wet and a dry season. – Осы климатта температура пәлендей өзгермейді, әшейін ылғал не құрғақ кездер/ маусымдар болады. ♦Next month is the start of the rainy season. – Келесі ай - жауынды кездің/ маусымның басы. 3.кез, кезең, маусым (сезон) ♦the football/hunting/shooting season – футбол/ аң аулау кезі ♦He scored his first goal of the season on Saturday. – Сенбі күні ол маусымдағы алғашқы голын салды. ♦He will not be offered a new contract at the end of the season. – Маусым аяқталғанда оған жаңа контракт ұсынбайды. ♦The female changes colour during the breeding season. – Ұрғашысы күйлегенде/ ұрықтанар кезде түсін өзгертеді. ♦The hotels are always full during the peak season. – Кісілер көп келетін кезде қонақ үйлер қашан да толы. ♦the holiday season – жазғы демалыс кезеңі не мейрам кезеңі ♦the tourist season – туристер келетін кез, турист маусымы ♦the festive season – мейрам кезеңі 4.театр, тб маусымы/ сезоны ♦a season of films by Alfred Hitchcock – Альфред Хичкок фильмдері маусымы 5.кезең, кез, уақыт 6. (idm) *be in season| come into season a) (жеміс- жидек, көкөніс, өнім ж) піскен кез ♦Strawberries are now in season. – Бүлдірген пісті. ♦Melons are just coming into season. – Қауын енді пісіп, сатыла бастайды. b) (аңның ұрғашысы ж) қашу, күйлеу, ұрықтануға дайын болу (syn: on heat) *out of season a) (жеміс- жидек, көкөніс, өнім ж) кезі/ кезеңі өткен ♦Lobster's out of season right now. – Қазір лобстердің кезі емес. b) туристер/ келушілер аз кез ♦Hotels are cheaper out of season. – Қонақ үйлер келушілер аз кезде арзанырақ (болады). *season’s greetings (рождество, тб мейрам кездеріндегі) құттықтау B.v ∼ (smth) (with smth) (тұз, бұрыш, тб қосып) дәмдеу ♦Season the lamb with garlic. – Қой етін сарымсақпен дәмде. ♦Add the mushrooms, and season to taste. – Саңырауқұлақтар қосып, қажетінше дәмде.