bear 1 [beә(r)] n 1.аю (аң) ¨polar ~ - ақ аю ¨grizzly ~ - қоңыр аю 2. (ауысп. мағ.) «аю», қорбаңдаған, дөңкиген әрі дөрекі кісі 3.(қор биржасындағы) акциясын, т.б. қымбатқа сатып, артынан арзан бағаға қайта сатып алмақшы адам ¨a ~ market – акция бағаларының күрт төмендеуі 4. (idm) *a ~ garden бәдіктікке, дырқылыққа, ырду-дырдуға толы орын, кездсеу *like a ~ with a sore head (сөзбе сөз: басы жарылған аюдай) ашу қысқан, ызаға булыққан ¨When he is just woken up he is like a ~ with a sore head. – Ояна салған кезде ол құдды бір ашу қысқан аюдай.
bear 2 [beә(r)] v (pt bore [bɔ:(r)], pp borne [bɔ:n])1.көрсету, белгісі бар болу ¨The document bore his signature. – Құжатта оның қолы бар болатын. ¨The ring ~s an inscription. – Жүзікте жазулар бар. ¨I saw a tombstone ~ing the date 1602. – Мен 1602 ж. датасы бар қабір тасын көрдім. ¨He was badly wounded in the war and still ~s the scars. – Ол соғыста қатты жараланған, әлі күнге дейін тыртықтары қалған. ¨She ~s little resemblance to her mother. – Ол шешесіне сәл ғана ұқсаған. 2.аты шыққан/ белгілі болу ¨a family that bore an ancient and honoured name – ежелгі әрі сыйлы атқа ие әулет ¨A married woman usually ~s her husband’s surname. – Үйленген әйел күйеуінің фамилиясын (тегін) алады. 3. (көне қолд, кітаби) алып жүру, тасу, әкелу ¨to ~ a heavy load – ауыр жүк тасу, алып жүру ¨three kings ~ing gifts – сыйлық әкеле жатқан үш король ¨They bore his body to the tomb. – Олар оның денесін қабірге алып жүрді. ¨The canoe was borne along the current. – Каноэні (қайық) ағыс сырғыта берді. 4.(а) көтеру, төтеп беру, шыдау, төзу ¨The ice is too thin to ~ your weight. – Мұз тым жұқа болғандықтан сенің салмағыңды көтере алмайды. (b)жауапты, кінәлі болу; шығын, т.с.с. көтеру, мойнына алу ¨Do the bride’s parents have to ~ the cost of the wedding? – Қалыңдықтың әке-шешесі үйлену тойының шығынын көтеретін бола ма? ¨The President has to ~ the blame. – Президент кінәні көтеруі тиіс. ¨to ~ a responsibility – жауапты болу, жауапкершілікті көтеру 5.(а) (көбінесе can/could–пен болымсыз сөйлемдерде, сұрақтарда келеді) көтеру, шыдау, төтеу, жарату, жақтыру, төзу ¨The pain was almost more than he could ~. – Шаншуға (қақсауға) ол әзер шыдады. ¨She bore his sorrow without complaint. – Ол қайғысын қыңқ деместен көтерді. ¨I can’t ~ (having) cats in the house. – Мен мысықтарды үйде ұстағанды жақтырмаймын. ¨How can you ~ to eat that stuff? – Ананы қалай ғана (шыдап) жеп жүрсің? ¨He can’t ~ to be laughed at/~ being laughed at. – Ол мазақ (келемеж) болғанды көтере алмайды. (b)сынға төзу, шыдау; салыстыруға келмеу ¨Modern paintings don’t ~ comparison with the those of old masters. – Қазіргі заманғы суреттерді бұрынғының шеберлерінің салғандарымен салыстыруға келмейді. ¨The plan won’t ~ close inspection. – Жоспар сын көтермейді. ¨His suffering don’t ~ thinking about. – Оның көрген азабы туралы ойлаудың өзі қиын (яғни, азабын көзге елестетуге қиын). 6.~ smth (against/towards smb) ойында ұстау, болу ¨to ~ a grudge against smb/to ~ smb a grudge – біреуге деген өші (өшпенділігі) болу ¨He ~s no resentment towards them. – Оның ойында оларға деген еш өкпе жоқ. ¨She bore him no ill will. – Оның оған деген ешбір риялы ниеті болған емес. 7.~ oneself well, etc. өзін-өзі жақсы ұстау ¨He ~s himself like a soldier. – Ол өзін солдаттай (жауынгердей) ұстайды. ¨He bore himself with dignity at a difficult time. – Қиын кезде ол өз-өзін абыроймен ұстады. 8.босану, бала табу, сәбилі болу ¨to ~ a child – бала босану ¨ She has borne him six sons. – Ол оған алты ұл тауып берді. 9.астық/ жеміс беру ¨trees ~ing pink blossom – күлгін гүл ашатын ағаштар ¨land which ~s no crops – дәнді дақыл өспейтін жер ¨(ауысп. мағ.) His efforts bore no results. – Оның талпынысы еш нәтиже бермеді. 10.~ (to the) north, left солтүстікке, солға, т.б. тарту, бару, бұрылу ¨The road ~s (to the) west. – Жол батысқа тартады (барады). ¨When you get to the fork in the road, ~ (to the) right. – Жол айрығына жеткенде, оңға тарт. 11.(idm) *to ~ arms жауынгерлік қызметте болу, соғыста, ұрыста болу *to ~ the brunt of smth бірн-ң өтінде болу, басты ауыртпалығын көтеру ¨to ~ the full brunt of the attack – шабуылдың өтінде болу ¨His secretary has to ~ the brunt of his temper. – Оның хатшысы оның ашуының кәрін көтеруге тиіс. *to ~/stand comparison ècomparison *to ~ fruit жемісті, нәтижелі болу ¨His efforts finally bore fruit and permission was granted. – Оның талпынысы ақыры жемісті болып, оған рұқсат берілді. *to ~ hard, heavily, severely, etc on smb біреуге ауыртпалық салу ¨Taxation ~s heavily on us all. – Салық бәрімізге де салмақ салады. *to ~/keep smb/smth in mind; *to ~ in mind (that) … есте болу, ұстау ¨I’ll ~ your suggestion in mind. – Кеңесің есімде болады. ¨Bear in mind that the concert begins in two minutes. – Есіңде болсын, концерт екі минуттан кейін басталады. *to ~ witness (to smth) куә, айғақ, дәлел болу ¨His evidence bore witness to my testimony. – Оның айтқандары менің берген куәма демеу болды. ¨(ауысп. мағ.) The new housing ~s witness to the energy of the Council. – Жаңа салынған үйлер - Кеңестің (Әкімшіліктің) күш-жігерінің айғағы. . *to be borne in on smb санаға жету, көзі жету, түсіну, түйсіну ¨This terrible truth was borne in on him. – Бұл ащы шындыққа оның көзі жетті. ¨It was gradually borne in on us that defeat was inevitable. – Жеңілістен қашып құтылмайтындығымыз бірте-бірте санаға жетті. *to bring pressure to ~ on smb біреуге қысым жасау, көндіру *to bring smth to ~ (on smb/smth) бірн-ні (біреуге/бірн-ге) жұмсау, қолдану ¨We must bring all our energies to ~ upon the task. – Біз бар күш-жігерімізді тапсырманы орындауға жұмсауымыз керек. ¨The pressure was brought to ~ on us to finish the work on time. – Жұмысты уақытында бітіру үшін бізге қысым жасалды. *to grin and ~ it шыдау, төтеп беру 12. (phr v) *to ~ smth/smb away/off (көне қолд, кітаби) (ұстап) алып кету ¨They bore off several captives. – Олар бірнеше тұтқынды алып кетті. ¨He bore away the first prize. – Ол бас жүлдені алып кетті (жеңіп алды). *to ~ down smb/smth жеңу, басым түсу, тізе бүктіру ¨to ~ down the enemy – жауды тізе бүктіру ¨to ~ down all resistance – барлық қарсылықты жеңу *to ~ down on smb/smth ашулана төну, кәрлену, зәрін төгу, ызғар шашу ¨The angry farmer was ~ing down on us. – Ызалы фермер бізге төніп келе жатқан болатын. *to ~ on smth бірн-ге қатысы, әсері бар болу ¨These are matters that ~ on the welfare of the community. – Бұл - қауымның әл-ауқатына қатысты мәселелер. *to ~ smb/smth out қолдау, растау, мақұлдау ¨The other witnesse will ~ me out/~ out what I say. – Басқа куәлар менің айтқанымды растайды. *to ~ up (against/under smth) мойымау, мұқалмау, көтеру ¨He is ~ing up well against all his misfortunes. – Ол талай сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан, мойымады. *to ~ with smb/smth біреуге/бірн-ге төзу, шыдау я оны түсіну ¨We must ~ with her during this difficult period. – Осынау қиын кезеңде сен оны түсінуге тиістісің. ¨If you will ~ with me a little longer… - Мен айтып біткенше сәл шыдасаңыз… ¨I tried to ~ with her tempers. – Мен оның ашуына төзуге тырыстым.