second 1 [ˈsekənd] A.determiner, ordinal number 1.екінші, 2-інші ♦This is the second time it's happened. – Екінші рет осылай болуда. ♦Italy scored a second goal just after half-time. – Үзіліс біте сала Италия екінші гол салды. ♦the second of June/June 2nd – екінші маусым/ 2-маусым/ 2-інші маусым ♦He was the second to arrive. – Ол екінші (болып) келді. ♦We have one child and are expecting our second in July. – Бір баламыз бар, екіншісі шілдеде болады деп отырмыз. 2.екінші, келесі ♦Osaka is Japan's second-largest city. – Осака - Жапонияның екінші ірі қаласы. ♦Birmingham, the UK’s second city – Бирмингем – Британияның екінші ірі қаласы. ♦Basketball is second only to soccer in global popularity. – Әйгілілігі жағынан баскетбол әлемде футболдан ғана қалады. ♦As a dancer, he is second to none. – Одан жақсы биші жоқ. 3.басқа, екінші ♦They have a second home in Almaty. – Олардың Алматыда тағы бір үйі бар. ♦teachers of English as a second language – ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқытатын мұғалімдер B.adv 1.екінші ♦She came second in the marathon. – Марафонда ол екінші (болып) келді. ♦One of the smaller parties came a close second. – Бір шағын партия сәл ғана қалып, екінші болды. ♦I agreed to speak second. – Екінші (болып) сөйлеуге келістім. ♦He is a writer first and a scientist second. – Ол алдымен – жазушы, сосын – ғалым. ♦I came second (to) last in the race. – Жарыста соңынан екінші болдым. ♦We're not here to run second. We want to win races. – Екінші болу үшін келмедік. Жеңу үшін келдік. ♦The club lies second in the Premiership. – Клуб премьер-лигада екінші (орында). 2.екіншіден, сосын (syn: secondly) ♦She did it first because she wanted to, and second because I asked her to. – Әуелі ол бұны өзі істегісі келген соң істеді, сосын мен өтінген соң істеді. C.n 1. (symbol ″) (abbr sec.) секунд (уақыт өлшеу бірлігі) ♦in… ∼s She can run 100 metres in just over 11 seconds. – Ол 100 метрді 11 секундтан сәл аса жүгірді. ♦for… ∼s For several seconds he did not reply. – Бірнеше секунд(қа) ол жауап бермеді. ♦every… ∼s The light flashes every five seconds. – Жарық бес секунд сайын жарқылдайды. ♦The end of the game is only a matter of seconds away. – Ойынның бітуіне бірнеше секунд қана қалды. ♦Every few seconds, she would turn towards the door. – Бірнеше секунд сайын ол есікке бұрыла қарайды. ♦The scene lasts six seconds. – Көрініс алты секунд жалғасады. ♦He scored with less than 60 seconds on the clock. – Ол ойын басталған соң бір минуттың ішінде гол салды. 2. (also informal sec) сәт, мезет, секунд (syn: moment) ♦in a ∼ I'll be with you in a second. – Әп сәтте/ Бір секунда сізбен боламын. ♦in/within ∼s They had finished within seconds. – Олар қысқа сәтте бітірді. ♦He scored again in the dying seconds of the game. – Ойынның соңғы сәттерінде/ секундтарында ол тағы гол салды. ♦He got out with seconds to spare. – Ол бірнеше секунд қалғанда шығып үлгірді. ♦Wait a second - this letter's been sent to me by mistake. – Бір сәтке – мына хат маған қате келіпті. ♦This will only take a second. – Бұл бір сәтте бітеді. ¨I hesitated for a second before speaking. – Сөйлер алдында сәл/ бір сәтке кідірдім. 3. (symbol ″) секунд (бұрыш өлшеу бірлігі) ♦1° 6′ 10″ (= one degree, six minutes and ten seconds) - 1° 6′ 10″ (бір градус, алты минут, он секунд) 4. ∼s (informal) қосымша ♦Seconds, anybody? – Кімге тағы керек? 5. (ақауы бар болғандықтан) арзандаған зат 6. (also ∼ gear) (машина жылдамдығы ж) екінші беріліс/ скорость, екі ♦to change down from third to second – (жылдамдықты) үштен екіге салу ♦in ∼ When it's icy, move off in second. – Тайғақ болса екімен қозғал. 7. (Британия университеттерінде бакалавр дипломын алғандағы үлгерім деңгейі) екінші дәрежелі (яғни, 50%-тен 69%-ке дейін) ♦He got a good second in history. – Тарихтан ол жақсы (60%-тей) алды. 8. секундант (рингтегі боксшының жәрдемшісі, тб) 9. (idm) *just a minute/moment/second [қ-з: minute 1(А7)] *wait a minute/moment/second [қ-з: minute 1(А7)] D.v ∼ smth қолдау, жақтау, құптау ♦Any proposal must be seconded by two other members of the committee. – Кез-келген ұсынысты комитеттің басқа екі мүшесі қолдауы керек. ♦(informal) ‘Thank God that's finished.’ ‘I'll second that!’ – «Құдайға шүкір, бітті-ау (ақыры)». «Келісемін». ♦Davis seconded the motion. – Дэвис ұсынысты қолдады.
second 2 [sɪˈkɒnd] v (especially BrE) қызметкерді қысқа мерзімге басқа жаққа қызметке жіберу, секондтау (секондировать) ♦be ∼ed (from smth) (to smth) Each year two teachers are seconded to industry for six months. – Жыл сайын екі мұғалімді индустрияға/ өндіріске алты айға жібереді.