secondary [ˈsekəndri] adj 1.орта мектеп(ке қатысты, 11-18 жастағы балаларды мектепте оқытуға қатысты) ♦secondary teachers – орта мектеп мұғалімдері ♦the secondary curriculum – орта мектеп программасы 2.маңызы жағынан кейінгі/ екінші, онша маңызды емес ♦That is just a secondary consideration. – Бұны содан кейін ойласа болады. ♦Experience is what matters - age is of secondary importance. – Ең алдымен – тәжірибе, жасы пәлендей маңызды емес. ♦Forests are secondary in importance only to the oceans in their effects on the earth. – Жерге әсері жағынан ормандар мұхиттардан кейін келеді. 3.бірн-ң нәтижесінде болатын, жанама, қосымша ♦a secondary infection – жанама инфекция ♦a secondary effect – жанама әсер ♦a secondary colour – нәтиже түс/ реңк (екі реңді араластырғанда пайда болған түс) ♦a secondary outcome – жанама нәтиже