secret [ˈsiːkrət] A.adj 1.құпия, жасырын ♦secret information/meetings/talks – құпия информация/ кедесулер/ келіссөздер ♦They belong to an age-old secret society. – Олар көне құпия қауым/ қоғам мүшесі. ♦∼ from smb He tried to keep it secret from his family. – Бұны ол өз семьясына білдіргісі келмеді. ♦a secret passage leading to the beach – пляжға барар құпия жол ♦a secret ballot – жасырын дауыс (беру) ♦a secret mission – құпия миссия/ сапар 2.жасырын, іштегі (нрәсе), құпия ¨He's a secret drinker. – Ол білдіртпей ішеді. ♦I didn't know you were a secret football fan. – Жасырын футбол жанкүйері екеніңді білмеппін. ♦her secret fears – (оның) іштегі үрейлері ♦secret hopes – іштегі үміт/ дәме 3. ∼ (about smth) (кісі не оның мінез-құлқы ж) білдіртпейтін, жасыратын, құпия ұстайтын/ сақтайтын (syn: secretive) ♦They were so secret about everything. – Олар не нәрсе болсын білдіртпеуге тырысты. ♦Jessica caught a secret smile flitting between the two of them. – Джессика ол екеуінің өзара жасырын жымиғанын байқап қалды. B.n 1.құпия, сыр ♦Can you keep a secret? – Құпияға беріксің бе? ♦She will not reveal his secret. – Ол сырын ашпайды. ♦The location of the ship is a closely guarded secret. – Кеменің қайда екені – өте құпия. ♦Shall we let him in on the secret? – Бұл құпияны оған айталық па? ♦He made no secret of his ambition. – Ол өз амбициясын жасырмады. ♦(ауысп мағ) She still looks so young. What's her secret? – Ол әлі жас көрінеді. Не құпиясы бар екен? ♦(ауысп мағ) ∼ of smth Careful planning is the secret of success. – Мұқият ойластыру – табыс кілті. 2.сыр, құпия, тылсым ♦the secrets of the universe – ғалам сырлары/ құпиялары ♦He spent much of his childhood here, learning the secrets of the woods. – Балалық шағының көп уақтын ол осында, орман сырларын/ құпияларын үйренумен өткізді. 3. (idm) *be an open secret жұрт білетін құпия *a guilty secret құпия күнә, айтылмас айып *in secret жасырын, құпия, білдіртпей ♦The meeting was held in secret. – Кездесу жасырын өтті. ♦She admired him, in secret of course. – Ол оған сүйсінетін, іштей, әрине.