secure [sɪˈkjʊə(r)] A.v (formal) 1.алу, қол жеткізу ♦∼ smth to secure a contract/deal/funding – контрактке қол қою/ қаржыға қол жеткізу ♦The team managed to secure a place in the finals. – Команда финалға шыға алды. ♦She secured 2 000 votes. – Ол екі мың дауыс алды. ♦The delegation has secured the promise of a ceasefire. – Делегацияға атысты тоқтатуға уәде берді. ♦They are contract workers unable to secure a full-time position. – Олар – тұрақты жұмысқа тұра алмай, контрактімен істеушілер. 2.мықтау, бекіту, ұстату, байлау, салу ♦∼ smth to smth She secured the rope firmly to the back of the car. – Ол арқанды машинаның артына мықтап байлады. ♦∼ smth He secured the boat with a rope. – Ол қайықты байлады. ♦The tables on board were secured firmly to the floor. – Борттағы/ Салондағы столдар еденге мықтап бекітілген. 3.қорғау, қамдау ♦∼ smth against smth to secure a property against intruders – үй-жайды бөтендерден қорғау ♦∼ smth from smth Have you properly secured your computer from viral attack? – Компьютеріңді вирус шабуылынан дұрыстап қорғадың ба? ♦(figurative) a savings plan that will secure your child’s future – баланың болашағын қамдайтын ақша жию жоспары ♦∼ smth We must all do everything we can to secure our borders. – Шекарамызды күзету үшін еш аянбауымыз керек. ♦The windows were secured with locks and bars. – Терезелерді құлыптар мен темір тор салып мықтады. 4. ∼ smth үй-жайын, тб мүлігін кепілге қойып, қарыз алу ♦a loan secured on the house – үйді кепілге қойып алған қарыз B.adj 1.орнықты, дұрыс, сенімді, тұрақты (syn: safe) (opp: insecure) ♦a secure job/income – орнықты жұмыс/ табыс ♦It's not a very secure way to make a living. – Бұл – күнкөрістің онша дұрыс жолы емес. ♦The future of the company looks secure. – Компания болашағы орнықты көрінеді. 2.дұрыс, қауіпсіз (syn: safe) ♦It's important to keep your documents secure. – Документтеріңді дұрыс сақтаған жөн. ♦Civilians are being evacuated to a secure location. – Азаматтар қауіпсіз жерге көшірілуде. ♦∼ against/from smth Information must be stored so that it is secure from accidental deletion. – (Компьютерде) информацияны сақтап қою керек, әйтпесе байқамай жойып алу мүмкін. 3.сенімді, қамсыз, алаңсыз, еркін (opp: insecure) ♦At last they were able to feel secure about the future. – Ақыры олар өз болашақтарына алаңдамайтын болды. ♦She felt safe and secure in his arms. – Ол (қыз) оның (жігіттің) қолында өзін еркін сезінді. ♦I would like to be financially secure by age 55. – 55 жасыма қарай өзімді ақшалай қамдап алғым келеді. 4.қорғалған, мықталған, бекіткен (opp: insecure) ♦Check that all windows and doors have been made as secure as possible. – Барлық терезе мен есіктің мықтап жабылғанын тексер. ♦a secure unit for child offenders – қылмыс жасаған балаларды тәрбиелейтін жер ♦The building is secure against intruders. – Үй-жайға бөтендер кіре алмайды. 5.мықты, берік, орнықты (syn: stable) (opp: insecure) ♦The aerial doesn't look very secure to me. – Антенна онша мықты бекітілмеген сияқты. ♦It was difficult to maintain a secure foothold on the ice. – Мұзда орнықты тұру қиын болды. ♦(figurative) Our relationship was now on a more secure footing. – Қарым-қатынасымыз енді орнықты бола түсті.