security [sɪˈkjʊərəti] n (pl -ties) 1.қауіпсіздік, сақтық ♦national/homeland security – ұлттық қауіпсіздік ♦airport security officers – әуежай қауіпсіздік қызметкерлері ♦∼ against smth The bars are to provide security against break-ins. – Темір бекітпелер бұзып кіруден қорғайды. ♦They carried out security checks at the airport. – Олар аэропортта сақтық тексерісін жүргізді. ♦Passwords are a very important security measure. – Пароль/ Құпиясөз – өте маңызды сақтық шарасы. ♦The visit took place amidst tight security. – Сапар кезінде күзет өте күшейтілді. ♦the security forces/services – қауіпсіздік күштері/ қызметтері ♦a high/maximum security prison – берік күзетілетін түрме/ абақты ♦a security alert/threat/situation – қауіпсіздік дабылы/ қауіпсіздікке төнген қатер/ қауіпсіздік халі (жағдайы) ♦a security adviser/expert – қауіпсіздік кеңесшісі/ эксперті ♦The criminals were caught on a security video. – Қылмыскерлер видеокамераға түсіп қалған. ♦to tighten/improve/enhance security – қауіпсіздік шараларын қатайту/ жақсарту/ жетілдіру 2. (әуежайдағы) қауіпсіздік тексерісі/ тексеруі ♦My bag was emptied and searched when I went through security. – Тексергенде сумкамды ақтарып салып, тінтті. ♦It took ages to clear security and reach the departure lounge. – Тексеруден өтіп, ұшу залына жеткенше талай уақыт кетті. 3. (компаниядағы, тб) қауіпсіздік/ сақтық бөлімі ♦Security was/were called to the incident. – Оқиға орнына қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері шақырылды. 4.орнықтылық, тұрлаулылық, тұрақтылық, сенімділік, қауіпсіздік ♦financial security – қаржылай орнықтылық ♦job security – жұмыс(тың) орнықтылығы ♦Which type of investment offers the greatest security? – Инвестицияның ең сенімдісі қайсысы? ♦This system provides basic security for employees. – Бұл жүйе қызметкерлерге бастапқы сақтық қоржынын ұсынады. 5.орнықтылық, тұрлаулылық, алаңсыздық, бейқамдық ♦the security of a loving family life – өзара сыйлы үй-ішіндегі алаңсыздық ♦She'd allowed herself to be lulled into a false sense of security. – Ол жағдайың дұрыс дегенге сеніп, алданып қалды. 6. (қарыз алғанда) кепіл(ге қойған мүлік, зат, тб) ♦as ∼ for smth His home and business are being held as security for the loan. – Үйі мен кәсіпорны кепіл ретінде банкте. ♦She pledged her jewellery as security for a £50 000 loan. – Ол алтын-күмісін £50 000 қарыз алу үшін кепілге ұсынды. 7. securities (finance) секьюрити (акцияның, облигацияның, активтің, тб иесі екенін растайтын документ) ♦government securities – үкімет секьюритилері