seductive [sɪˈdʌktɪv] adj 1.азғыратын, елітетін, еліктіретін, тартымды, көз алмас ♦a seductive woman – елітетін әйел ♦She used her most seductive voice. – Өзінің ең елітер дауысымен сөйледі. ♦There was something seductive about the way he smiled at her. – Оның (жігіттің) оған (қызға) күлісінде елітерлік бір нәрсе бар еді. 2.қызық(ты), тартымды (syn: tempting) ♦The idea of retiring to the south of France is highly seductive. – Пенсияға шыққанда Францияның оңтүстігіне тұрақтау – өте тартымды ой. ♦These opportunities seemed infinitely seductive. – Бұл мүмкіндіктер шексіз тартымды көрінді.