see [siː] A.v (pt saw [sɔː], pp seen [siːn]) 1.көру, қарау ♦∼ smb/smth She looked for him but couldn't see him in the crowd. – Ол оны іздеп қараған, бірақ топтан көре алмады. ♦I looked out of the window but saw nothing. – Терезеден тысқа қараған(ым)мен, ешнәрсе көре алмадым. ♦The opera was the place to see and be seen. – Опера жұрттың қаймағын/ ығай мен сығайын көретін жер. ♦I would like to see some proof of this statement. – Бұл айтылғанға бір дәлел көргім/ білгім келеді. ♦The divers reported seeing a lot of sharks. – Сүңгушілер көптеген акула көрдік дейді. ♦He recalls seeing his father sitting at the kitchen table. – Әкесінің кухнядағы стол жанында отырған кездерін еске алады. ♦I've never seen anything like this! – Бұндай ешнәрсе көрмеппін! ♦∼ what, how, etc… Did you see what happened? – Не болғанын көрдің бе? ♦I could hardly see because of the smoke. – Түтіннен әрең көрдім. ♦In the evening we went to see a movie. – Кешкісін киноға/ кино көруге бардық. ♦Fifty thousand people saw the match. – Матчты елу мың адам көрді/ тамашалады. 2.қарау; көру, ақылдасу ♦∼ smth/smb See page 158. – 158-бетті қараңыз. ♦If you missed the session, see a member of staff for advice. – Жаттығуды жіберіп алсаңыз, қызметкерлердің бірін көріңіз. ♦See Table 2 for details. – Толық дерек үшін 2-таблицаны қараңыз. ♦See over for details. – Толығырақ дерек үшін келесі бетті қараңыз. 3. ∼ smb көру, жолықтыру, ұшырасу ♦Guess who I saw at the party last night! – Кеше кешкісін тойда кімді көргенімді білесің бе? ♦Aren't you pleased to see me? – Мені көргеніңе риза емессің бе? ♦It's so good to see you! – (Сенімен) кездескеніме қуаныштымын! 4. ∼ smb/smth бару, барып көру ♦Come and see us again soon. – Жақында тағы келсеңші. ♦Around 200 000 visitors each year come to see the summer palace. – Жазғы сарайды көру үшін жыл сайын екі жүз мың адам келеді. 5.кездесу, жолығу ♦∼ smb about smth You ought to see a doctor about that cough. – Жөтеліңді дәрігерге қаратсаңшы. ♦What is it you want to see me about? – Менімен не үшін жолыққың келеді? ♦∼ smb I can only see you for five minutes. – Сенімен жолығуға бес минут қана уақтым бар. 6. ∼ smb біреумен бірге болу, бірге уақыт өткізу ♦Are you seeing anyone? – Жүріп жүрген (яғни, ғашық) біреуің бар ма? ♦They've been seeing a lot of each other recently. – Кейінгі кездері екеуінің жұбы жазылмай жүр. ♦We haven't seen much of Liz lately. – Кейінгі кездері Лизді көрмей кеттік. ♦He has changed since his family last saw him. – Оны семьясы/ үй-іші соңғы көргелі бері ол көп өзгерді. 7.ұғу, түсіну ♦‘It opens like this.’ ‘Oh, I see.’ – «Бұл былай ашылады». «Түсінікті». ♦∼ smth He didn't see the joke. – Қалжыңды ұқпадым. ♦I don't think she saw the point of the story. – Ол әңгіменің мәнін ұқты деп ойламаймын. ♦He changed the way we see the world around us. – Ол төңірегімізді ұғуымызды өзгертті. ♦to see a/the need for something – бірнәрсенің қажет екенін ұғу ♦I see no need to involve the law. – Бұл істе заңға жүгініп керегі жоқ дей ойлаймын. ♦I can see both sides of the argument. – Дәлелдің екі жағын да ұғып тұрмын. ♦They saw nothing wrong with having three cars. – Олар үш машинасы бар болғанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлады. ♦Make Lydia see reason, will you? – Лидияға ұқтыршы. ♦∼ (that)… Can’t you see (that) he’s taking advantage of you? – Оның сені пайдаланып тұрғанын көріп тұрған жоқсың ба? ♦I don't see that it matters what Josh thinks. – Джоштың не ойлағанының мұнда қатысы қанша? ♦I can see why you were so angry about it. – Бұған неге ашуланғаныңды түсінемін. 8. ∼ smth пікірі болу, ұғу, қарау ♦I see things differently now. – Нәрселерге енді басқаша қараймын. ♦Try to see things from her point of view. – Өзіңді соның орнына қойып көрсеңші. ♦The way I see it, you have three main problems. – Сенің үш басты мәселең бар деп ойлаймын. ♦As far as I can see, you've done nothing wrong. – Ұғуымша, сен ешнәрсе бүлдірмедің. 9.ойлау, болжау ♦∼ smb/smth/yourself doing smth I can't see her changing her mind. – Ол райын өзгертеді деп ойламаймын. ♦I can't really see myself working in a lab all day. – Күні бойы лабораторияда істей аламын деп ойламаймын. ♦∼ smb/smth/yourself as smth His colleagues see him as a future director. – Әріптестері оны болашақта директор болады деп ойлайды. ♦She was quiet and withdrawn and never saw herself as a dancer. – Ол жуас әрі тұйық еді, биші болуды ойламаған. 10.тексеру, көру, білу ♦‘Has the mail come yet?’ ‘I'll just go and see.’ – «Почта келді ме?» «Қазір барып, тексерейін». ♦‘Is he going to get better?’ ‘I don't know, we'll just have to wait and see.’ – «Ол айығып келе ме?» «Білмеймін, күтіп, не боларын көруіміз керек». ♦We'll have a great time, you'll see. – Керемет уақыт өткізетін боламыз, көресің әлі. ♦∼ what, how, etc… Go and see what the kids are doing, will you? – Балалардың не істеп жатқанын көре ғойшы. ♦We'll have to see how it goes. – Көрелік бұның қалай болатынын. 11.ойлану, тексеру, білу, көру ♦‘Will you be able to help us?’ ‘I don't know, I'll have to see.’ – «Бізге көмектесе аласың ба?» «Білмеймін, көрейін жағдайды». ♦‘Can I go to the party?’ ‘We'll see.’ «Жиын-тойға барсам бола(ды) ма?» «Ойланып көрелік». ♦∼ what, whether, etc… I'll see what I can do to help. – Қандай көмек бере алатынымды (ойланып) көрейін. 12. ∼ that… тексеру, көз жеткізу ♦See that all the doors are locked before you leave. – Кетер алдында есіктердің құлпыланғанын тексер. ♦Could you see that the kids are in bed by 8 o'clock? – Балалардың 8-ден қалмай ұйықтағанын тексерші. 13. ∼ smth басынан кешіру/ өткеру, көру ♦He has seen a great deal in his long life. – Ұзақ ғұмырында ол талай нәрсені көрді. ♦I hope I never live to see the day when computers finally replace books. – Компьютер кітапты біржолата ығыстыратын күнді көрмеспін деп үміттенемін. ♦It didn't surprise her - she had seen it all before. – Бұған ол таңғалмады – бұндайды бұрын көрген. 14. ∼ smth болу, көру ♦Next year sees the centenary of the revolution. – Келесі жылы революцияға жүз жыл толады. ♦The twentieth century saw dramatic changes in most areas of life. – Жиырмасыншы ғасырда өмірдің көптеген саласында қауырт өзгерістер болды. 15. ∼ smth куә болу, көру (syn: witness) ♦This stadium has seen many thrilling football games. – Бұл стадион жан тебірентер талай футбол ойынын көрген/ ойынына куә болған. 16. ∼ smb біреуге қол ұшын беру, жәрдемдесу, сүйеу ♦I saw the old lady across the road. – Қарт әйелге жолдан өтуге жәрдемдестім. ♦May I see you home? – Үйің(ізг)е дейін шығарып салайын ба? ♦My secretary will see you out. – Хатшым сізді шығарып салады. 17. (idm) *for all (the world) to see анық көрінетін, көзге басылатын *let me see/let’s see (informal) ойланып көрелік; есіме түсірейін ♦Now let me see - how old is she now? – Есіме түсірейінші – қазір ол қаншада? *see smth coming бірн-ң болатынын ұғу/ болжау ♦We should have seen it coming. – Осылай болатынын ұғуымыз керек еді. *see smb/smth for what they are/it is соншама жақсы, тб емес екенін ұғу *see for yourself өзі көз жеткізу, өзі көріп білу/ ұғу ♦If you don't believe me, go and see for yourself! – Маған сенбесең, барып көр! *seeing that… (also informal seeing as (how)…) белгілі бір себептен, бірнәрсе болғандықтан ♦Seeing that he's been off sick all week he's unlikely to come. – Бір жеті ауырғандықтан, ол келе қоймас. *see you (around/later/soon) | (I’ll) be seeing you (informal) сау бол, хош бол ♦I'd better be going now. See you! – Жә, кетейін. Сау бол! *you see (informal) түсінесің бе, білесің бе ♦You see, the thing is, we won't be finished before Friday. – Түсінесің бе, мәселе мында – жұмаға дейін бітіре алмаймыз. 18. (phr v) *see smth айналысу, шұғылдану ♦I must see about lunch. – Түскі ас дайындайын. ♦He says he won't help, does he? Well, we'll soon see about that. – Ол көмектеспеймін дейді. Жә, онымен сөйлеселік. ♦∼ about doing smth I'll have to see about getting that roof repaired. – Ана шатырды жөндеумен айналысуым керек. *see smth in smb/smth біреуге/ бірн-ге қызығу, ұнату ♦I don't know what she sees in him. – Оның оны неге ұнататынын білмеймін. *see smb off a) шығарып салу b) (BrE) кетіру, қуу ♦The dogs saw them off in no time. – Иттер оларды қуып жіберді. c) (BrE) ұту, жеңу ♦The home team saw off the challengers by 68 points to 47. – Алаң иелері қарсыластарды 68 де 47 етіп ұтты. *see smb out (BrE) шығарып салу ♦I’ll see you out. – Сені шығарып салайын. ♦Don’t worry, I can see myself out. – Жә, шығарып салмай-ақ қой. ♦(ауысп мағ) I've had this coat for years, and I'm sure it will see me out. – Бұл үст киімді талай жыл кидім. Менен кейін де қажетке жарар-ау. *see smth out (BrE) бірнәрсеге дейін/ бір уақытқа дейін жету ♦They had enough fuel to see the winter out. – Олардың қыстап шығар отыны болды. ♦He saw out his career in Italy. – Ол еңбек жолын Италияда аяқтады. *see over smth (BrE) барып көру/ тексеру/ қарау ♦We need to see over the house before we can make you an offer. – Сізге ұсыныс жасамас бұрын үйді барып көрелік. *see through smb/smth (шындықты) ұғу ♦We saw through him from the start. – Оның кім екенін әу баста-ақ ұққамыз. ♦I can see through your little game. – Ойыныңды/ Қалжыңыңды ұғып тұрғам жоқ. *see smth through істі, тб аяғына дейін жеткізу, шегінбеу ♦She's determined to see the job through. – Ол істі аяғына дейін жеткізбек. *see smb through | see smb through smth көмектесу, қолдау, демеу ♦Her courage and good humour saw her through. – Жігері мен әзілқойлығы өзін демеді. ♦I only have $20 to see me through the week. – Осы аптаға $20-ым ғана бар. *see to smth айналысу, шұғылдану ♦Will you see to the arrangements for the next meeting? – Келесі кездесуді ұйымдастырумен айналыссаң қалай болады? ♦Don't worry - I'll see to it. – Уайымдама – бұнымен айналысамын. ♦We'll have to get that door seen to. – Ана есікті жөндеуіміз керек. *see to it that… істі тындыру, тиянақты ету, қамдау ♦Can you see to it that the email goes out this afternoon? – Почта түстен кейін кетсінші, соны тексерші. B.n (formal) округ; кеңсе (епископтың, архиепископтың) ♦the Holy See – Қасиетті тақ (Ватикан)