seethe [siːð] v 1.ширығып тұру, ашуға булығып тұру, ашуға бөгу, (іштей) кіжіну (syn: fume) ♦She seethed silently in the corner. – Ол бұрышта ашуға булығып/ бөгіп отырды. ♦∼ with smth He marched off, seething with frustration. – Ол ренжи ширығып шығып кетті. ♦∼ at smth Inwardly he was seething at this challenge to his authority. – Ол өз билігін мойындағысы келмегенге іштей кіжінді. ♦She was seething at the insult. – Өзіне тіл тигізгенге ол кіжінді. 2. ∼ (with smth) құжынау, қаптау, топырлау, быжынау, бықу, жыпырлау, самсау, сыңсу, толу ♦The resort is seething with tourists all year round. – Курортқа туристер жыл бойы үзілмейді. ♦The cellar was seething with spiders. – Жертөле (подвал) өрмекшіге толы еді. 3. (literary) буырқану ♦The grey ocean seethed beneath them. – Сұр мұхит төменде буырқанып жатты.