segregate [ˈseɡrɪɡeɪt] v (formal) 1. ∼ smb (from smb) (адамдарды нәсіліне (расасына), дініне, жынысына қарай) бөлу, бөлектеу, жікке бөлу, оқшаулау, шеттету (opp: integrate) ♦a culture in which women are segregated from men – әйелдер ерлерден бөлектенген мәдениет ♦Whites and blacks were segregated into different parts of town. – Ақтар мен қаралар қаланың түрлі аудандарына оқшауланған. ♦a racially segregated community – нәсілдік жікке бөлінген қауым ♦a segregated school – оқшау мектеп (белгілі бір нәсіл я дін өкілдеріне арналған мектеп) 2. ∼ smth (from smth) бөлу, бөлектеу, оқшаулау ♦Pedestrians are segregated from the traffic by a metal barrier. – Жаяу жүргіншілер көлік жолынан темір кедергімен бөлектелген/ оқшауланған.