seize [siːz] v 1.шап беру, жұлып алу, тартып алу, алып алу, бас салу (syn: grab) ♦∼ smth from smb She tried to seize the gun from him. – Ол одан қаруды тартып алғысы келді. ♦∼ smb/smth He seized her by the arm. – Ол оның қолынан шап берді. ♦She seized hold of my hand. – Ол қолымнан шап берді. ♦Maggie seized the letter from her. – Мәгги хатты одан алып алды. 2. ∼ smth (from smb) басып алу ♦They seized the airport in a surprise attack. – Олар аэропортты тұтқиылдан басып алды. ♦The army has seized control of the country. – Армия/ Әскер ел билігін басып алды. ♦He seized power in a military coup. – Ол әскери төңкеріс кезінде билікке келді. 3. ∼ smb тұтқындау, ұстау, қолға түсіру ♦The men were seized as they left the building. – Кісілерді үй-жайдан шыға бере ұстады. ♦Terrorists have seized his wife and children. – Террористер оның әйелі мен балаларын ұстады/ тұтқынға алды. 4. ∼ smth қолға түсіру, ұстау, тұтқындау ♦A large quantity of drugs was seized during the raid. – Рейд кезінде көп мөлшерде есірткі қолға түсті. ♦We have the legal right to seize his property. – Үй-жайды тұтқындауға заңды хақымыз бар. 5. ∼ a chance, an opportunity, the initiative, etc. орайлы сәтке, мүмкіндікке, тб жармасу, орайлы сәтті, тб жібермеу, шап беру (syn: grab) ♦The party seized the initiative with both hands. – Партия инициативаға қос қолдай жармасты. ♦She promptly seized the opportunity his absence gave her. – Ол оның жоқтығын бірден пайдаланды. 6. ∼ smb (көңіл-күй ж) толқыту, тебіренту, әсер ету ♦Panic seized her. – Тұла бойын үрей билеп алды. ♦He was seized by curiosity. – Қатты қызығып кетті. 7. (NAmE) (also ∼ up) (жабдық, аппарат ж) тоқтап қалу, істемей қалу, сіресіп қалу 8. (NAmE) (also ∼ up) (дене я оның бір мүшесі ж) сіресіп қалу, қатып қалу 9. (phr v) *seize on/upon smth қызығып кету, ойын билеп алу, көңілі/ ойы ауып кету (syn: pounce on/upon) ♦The rumours were eagerly seized upon by the local press. – Жергілікті баспасөз өсек-аяңды қалт жібермеді. ♦Peter seized on her last comment. – Оның соңғы сөзі Питердің ойынан шықпай қойды. ♦He was quick to seize on this idea. – Идеяға оның көңілі ауып кетті. *seize up (NAmE also seize) a) (жабдық, аппарат ж) тоқтап қалу, істемей қалу, сіресіп қалу ♦The engine suddenly seized up. – Мотор кенет тоқтап қалды. b) (дене я оның бір мүшесі ж) сіресіп қалу, қатып қалу