select [sɪˈlekt] A.v 1.таңдау, таңдап алу, іріктеу, іріктеп алу, сұрыптау ♦∼ smb/smth for smth He hasn't been selected for the team. – Оны командаға алмады. ♦∼ smb/smth as smth She was selected as the parliamentary candidate for Bath. – Оны Бат (округі) үшін парламенттік кандидат етіп таңдады. ♦∼ smb/smth a randomly selected sample of 23 schools – еркін таңдалған 23 мектеп ♦selected poems of T.S. Eliot – Элиоттың таңдамалы өлеңдері ♦This model is available at selected stores only. – Бұл модель кейбір дүкендерде ғана бар. ♦She selected an apple from the fruit bowl. – Жеміс салған астаудан ол алма (таңдап) алды. 2. ∼ smth (computing) (компьютер экранындағы нәрселердің арасынан) таңдау ♦Select ‘New Mail’ from the ‘Send’ menu. – «Жіберу» менюінен «жаңа почтаны» таңда. B.adj 1.таңдамалы, таңдалған, таңдап ал(ын)ған, іріктеген, іріктеп ал(ын)ған, сұрыпта(л)ған ♦a select wine list – таңдамалы шарап тізімі ♦Only a select few have been invited to the wedding. – Үйлену тойына бірнеше адам(ды) ғана шақырды. 2.арнайы, ерекше, оңаша, өзінше, бөлек (syn: exclusive) ♦They live in a very select area. – Олар өте оңаша бір ауданда тұрады. ♦a select club – оңаша клуб