sell [sel] A.v (pt, pp sold [səʊld]) 1.сату ♦I recently sold my bike. – Жақында велигімді саттым. ♦The board agreed to sell the company. – Басқарма компанияны сатуға келісті. ♦The shares were sold in the open market. – Акцияларды рынокта сатты. ♦We offered them a good price but they wouldn't sell. – Жақсы баға ұсынғамыз, алайда олар сатпай қойды. ♦I sold my car to James for £800. – Машинамды Джеймске £800-қа саттым. 2.сатылу, сатып алу ♦The book sold well and was reprinted many times. – Кітап жақсы сатылды және талай рет қайта басылған. ♦The new design just didn't sell. – Жаңа дизайнді ешкім алмады. ♦∼ smth The magazine sells 300 000 copies a week. – Аптасына журналдың үш жүз мың данасы сатылады. ♦Their last album sold millions. – Олардың соңғы альбомы миллиондап сатылды. ♦∼ for/at smth The pens sell for just 50p each. – Қаламның арқайсысы 50 пенстен (сатылады). 3.сатып алуға қызықтыру ♦You may not like it but advertising sells. – (Жұртқа) ұнамаса да жарнама сатады (яғни, тартымды етеді). ♦∼ smth It is quality not price that sells our products. – Товарларымызды жұрт бағасына емес, сапасына қарай алады. 4. ∼ smth/yourself (to smb) бірн-ге біреуге қызықтыру, бірн-ні қызықты ету; өзін жақсы/ лайықты, тб етіп көрсету ♦Now we have to try and sell the idea to management. – Енді басқармаға бұл идеяны/ ойды ұтымды етіп көрсетуіміз керек. ♦You really have to sell yourself at a job interview. – Жұмысқа интервью кезінде өзіңді лайықты ете көрсете алуың керек. 5. ∼ yourself (to smb) (disapproving) денесін/ тәнін саудалау, проституциямен айналысу (syn: prostitute) 6. (idm) *be sold on smth (informal) қызығу, құлшыну ♦We were really sold on the idea. – Ол идеяға/ ойға қатты қызықтық. *go/sell like hot cakes тез/ қауырт/ көптеп сатылу *sell your body денесін/ тәнін саудалау, проституциямен айналысу *sell smb down the river (informal) [қ-з: river (2)] *sell smb/buy a pup [қ-з: pup (4)] *sell smb/yourself short біреуді/ өзін дұрыс бағаламау *sell your soul (to the devil) «жанын (сайтанға) сату», ақша, табыс не билік үшін жаман нәрселерге бару 7. (phr v) *sell out | be sold out (концертке, ойынға, тб билеттер ж) сатылып кету, бітіп кету ♦The tickets sold out within hours. – Билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті. *sell out (of smth) | be sold out (of smth) (билеттерді, тб) сатып жіберу, сатып бітіру ♦I'm sorry, we've sold out of bread. – Ғафу өтінемін, нанның бәрін сатып жібердік. ♦We are already sold out for what should be a fantastic game. – Болатын керемет ойынға билеттерді сатып жібердік. *sell smth off a) арзанға сатып жіберу b) (жерді, кәсіпорынды, тб) толықтай не жартылай сату ♦The Church sold off the land for housing. – Шіркеу құрылыс салуға жерді сатты. ♦In the nineties most state-owned industries were sold off. – Тоқсаныншы жылдары мемлекет меншігіндегі көптеген кәсіпорындар сатылды. *sell smth on сатып алып әрі сату, алып сату ♦She managed the business for a year and then sold it on. – Ол бизнеспен бір жылдай айналысты да сатып жіберді. *sell out (to smb/smth) a) (disapproving) сенімінен, принциптерінен айну ♦He's a talented screenwriter who has sold out to TV soap operas. – Ол телесериалдардың ығына жығылған дарынды сценарист. b) бизнесін толықтай не жартылай сату ♦The company eventually sold out to a multinational media group. – Компанияны ақыры халықаралық медиа топқа сатты. *sell up | sell smth up (especially BrE) дүние-мүлкін біржола(та) сату B.n (informal) 1.a hard, tough, easy, etc. ∼ жұртты қызықтыру қиын/ оңай нәрсе ♦This tax increase is going to be a hard sell to voters. – Бұл салықты өсіру сайлаушыларға жаға қоймайды. 2. (BrE) жақсы көрінгенмен нашар нәрсе, көзбояушылық ♦The band only played for about half an hour - it was a real sell. – Муз-қ топ тек жарты сағат қана өнер көрсетті – нағыз көзбояушылық.