send [send] v (pt, pp sent [sent]) 1.жіберу, жөнелту, жолдау, аттандыру ♦∼ smth She sent a letter of support. – Ол қолдау хатын жіберді/ жолдады. ♦Let me just send this email. – Мына емейлді жіберейін. ♦I sent the package by airmail. – Ораманы авиапочтамен жөнелттім/ жолдадым. ♦A radio signal was sent to the spacecraft. – Ғарыш кемесіне радиосигнал жіберілді. ♦Henry sent his regards to you. – Генри саған сәлем айтуда. ♦She sent word (that) she could not come. – Ол келе алмаймын деп (біреуден) айтып жіберіпті. ♦She sent the kids to bed early. – Ол балаларды ерте жатқызды. ♦The government has agreed to send 3 000 troops to the region. – Үкімет аймаққа үш мың әскер аттандыруға/ жіберуге келісті. ♦The punch sent him flying. – Соққы оны ұшырып жіберді. ♦The report sent share prices down a further 8p. – Хабардан соң акция бағасы тағы 8 пенс түсті. ♦Her music always sends me to sleep. – Оның музыкасын тыңдасам болды, ұйықтаймын. 2. (idm) *send smb packing [қ-з: packing (А9)] *these things are sent to try us (saying) бұл қиындықты (құдай) бізді сынау үшін жіберген, қиын жағдайға мойынсұну 3. (phr v) *send away (to smb) (for smth) (also send off (for smth)) сұрату, біреуге жазып бірнәрсе жіберуін өтіну *send smb down (BrE) a) (informal) біреуді түрмеге/ абақтыға жіберу/ жабу b) (old-fashioned) студентті (жаман мінез-құлқы үшін) оқудан шығару *send for smb шақыру ♦Send for a doctor, quickly! – Тез дәрігер шақыр! *send for smth біреуді жұмсау, сұрату, біреуді бірн-е әкелу үшін жіберу/ аттандыру; заказ беру ♦She sent for the latest sales figures. – Ол кейінгі сауда көрсеткіштерін сұратты. ♦Send for your free sample today! – Бүгін тегін зат алу үшін сұрат! *send smb forth (old-fashioned or literary) біреуді жіберу/ аттандыру/ жөнелту *send forth smth (formal) айқайлау, белгі беру, тб ♦She sent forth a loud cry. – Ол қатты айқайлады. *send smb in біреуді бір жұмыспен бір жерге жіберу/ аттандыру/ жөнелту ♦Troops were sent in to restore order. – Әскерді тәртіпті қалпына келтіру үшін жіберді. *send smth in почтамен жіберу/ жөнелту/ жолдау *send off (for smth) | send away (to smb) (for smth) сұрату, біреуге жазып бірнәрсе сұрау ♦I've sent off for some books for my course. – Курсыма біраз кітап сұрап, жаздым. *send smb off (BrE) (спорт ойнында өрескел тәртіп бұзғаны үшін) алаңнан қуу, алаңнан шығарып жіберу ♦Bale was sent off for a foul in the second half. – Бейл ойынның екінші жартысында алаңнан қуылды. *send smth off почтамен жіберу/ жөнелту/ жолдау ♦I'm sending the files off to my boss tomorrow. – Файлдерді бастығыма ертең жолдаймын. *send smth on a) жіберу, жөнелту, аттандыру, жолдау ♦We sent our furniture on by ship. – Мебелімізді кемемен жібердік. b) келген хатты әрі жолдау/ жіберу (syn: forward) ♦They promised to send on our mail when we moved. – Көшкен кезімізде олар бізге келген хаттарды бізге жолдап отыруға уәде етті. c) жіберу, жөнелту, жолдау ♦They arranged for the information to be sent on to us. – Олар информацияны бізге жібергізді. *send smth out a) бірн-ні көп адамға/ жерге жіберу/ жолдау/ жөнелту ♦Have the invitations been sent out yet? – Шақырулар жіберілді ме? b) жарық/ дыбыс, тб шығару/ бөлу (syn: emit) ♦The sun sends out light and heat. – Күн жарық пен жылу жібереді. *send out for smth сұрату, заказ беру ♦Let's send out for a pizza. – Пицца сұратайық./ Пиццаға заказ берейік. *send smb/smth up (informal) келекелеу, келемеждеу, мысқылдау, әжуалау ♦a TV programme that sends up politicians – саясаткерлерді келемеждейтін телепрограмма *send smb up (US, informal) біреуді түрмеге/ абақтыға жіберу/ жабу