sensation [senˈseɪʃn] n 1.сезім, сезу, сезіну (syn: feeling) ♦a tingling/burning sensation – қадалған/ күйдірген сезім ♦a sensation of heat – ыстықты сезу ♦She seemed to have lost all sensation in her arms. – Ол қолдарын мүлде сезбей қалған сияқты болды. ♦He had the eerie sensation of being watched. – Ол ту сыртынан біреу қарап тұрғандай сезінді. ♦When I arrived, I had the sensation that she had been expecting me. – Келгенімде, менде ол мені күтіп отырғандай сезім пайда болды. 2.сенсация, сенгісіз/ нанғысыз/ таңғаларлық/ таңырқатарлық/ аңыртарлық оқиға, дүрлігіс ♦News of his arrest caused a sensation. – Оның тұтқындалғаны туралы хабарға жұрт аң-таң болды. ♦The band became a sensation overnight. – Муз-қ топ бір түнде әйгілі болды/ сенсация болды.