sense [sens] A.n 1. ∼ (of smth) сезім, түйсік, түсінік, ұғым, аңғарым ♦One of the most important things in a partner is a sense of humour. – Серіктесте әзіл сезімінің болғаны – маңызды. ♦He has a very good sense of direction. – Ол тез жол табады. ♦(figurative) She has lost all sense of direction in her life. – Оны бойкүйездік басты. ♦Always try to keep a sense of proportion. – Парық сезімінен жазба/ жаңылма. ♦a sense of rhythm/timing – ырғақ сезімі/ орайлы сәтті аңғару сезімі ♦∼ of smth His career was guided by a strong sense of duty. – Еңбек жолында ол міндетке ерекше көңіл бөлді. ♦There is now a sense of urgency to fix the problem. – Енді мәселені тез реттеу керек. ♦I have found a sense of purpose in the work I do here. – Осы жұмысымнан мән-мағына таптым. 2.жөн, ұғым, сезім, қисын ♦You should have the sense to take advice when it is offered. – Ақыл айтқанда тыңдай білуің керек. ♦There's no sense in worrying about it now. – Енді уайымдаудың жөні жоқ. ♦Can't you talk sense? – Жөні түзу сөз айтсаң болмай ма? ♦There's a lot of sense in what Mary says. – Мәридің айтқандарының жаны бар. 3.мағына, мән, мән-мағына, ұғым ♦That word has three senses. – Ол сөздің үш мағынасы бар. ♦Globalization in the broadest sense is nothing new. – Глобализация/ Жаһандану кең алып қарағанда - жаңа бір нәрсе емес. ♦He was a true friend, in every sense of the word. – Қай жағынан алса да, ол нағыз дос еді. ♦In a sense it doesn't matter any more. – Енді бұл маңызды емес. ♦In some senses the criticisms were justified. – Қайткенде де, сын(дар) дұрыс айтылды. 4.сезім, бес сезімнің (яғни, көру, есту, иіс, дәм, жанасу) бірі ♦the five senses – бес сезім ♦∼ of smth Dogs have a keen sense of smell. – Иттер иісті өте жақсы сезеді. ♦the sense organs – сезу органдары 5. ∼s ақыл-есі қалыптылық, дені дұрыстық ♦If she threatens to leave, it should bring him to his senses. – Ол (әйел) кетемін десе, ол (жігіт) есін жияр. ♦He waited for Dora to come to her senses and return. – Ол Дораның сабасына түсіп, оралуын күтті. ♦No one in their right senses would give him the job! – Дені дұрыс ешбір адам оған о жұмысты бермейді. ♦(old-fashioned) Are you out of your senses? You'll be killed! – Есің дұрыс па? Өлесің ғой! 6. (idm) *knock/talk some sense into smb біреуді ақылға келтіруге/ жөнге салуға тырысу ♦Try and talk some sense into her before she makes the wrong decision. – Ол қате шешпей тұрып, оны ақылға салуға тырыс. ♦Where would I be without you to knock some sense into my head? – Миыма ақыл құяр сен болмағанда қайтер едім? *make sense a) мағынасы болу ♦This sentence doesn't make sense. – Бұл сөйлемнің мағынасын ұғу қиын. b) жөнді/ қисынды/ дұрыс/ орынды болу ♦It makes sense to buy the most up-to-date version. – Ең жаңа версиясын алудың керегі жоқ. ♦There are strict medicals for pilots, which makes good sense. – Ұшқыштарды қатаң медициналық тексеруден өткізеді, бұл – дұрыс. c) ұғуға не ұқтыруға жеңіл болу ♦John wasn't making much sense on the phone. – Телефоннан Джонды ұғу қиындау болды. ♦Who would send me all these flowers? It makes no sense. – Осыншама гүлді маған кім жібереді? Түсініксіз. *make sense of smth ұғу, түсіну ♦I can’t make sense of that painting. – Мен о картинаны түсінбеймін. *see sense ұға бастау ♦I tried to make him see sense, but he just wouldn't listen. – Оған ұқтырайын дегенмін, бірақ тыңдамайды. *a sense of occasion [қ-з: occasion (А5)] *take leave of your senses [қ-з: leave (В3)] B.v 1.сезу, ұғу, аңғару, түйсіну, түсіну ♦∼ smth Sensing danger, they started to run. – Қауіпті сезіп, олар қаша бастады. ♦I sensed a note of tension in his voice. – Оның дауысының ширығып тұрғанын сездім. ♦I could sense the presence of someone near me. – Жақын жерде біреу барын сездім. 2. ∼ smth сезу, білу ♦equipment that senses the presence of toxic gases – улы газдарды сезетін жабдық