sensitive [ˈsensətɪv] adj 1. ұққыш, түсінгіш, сезімтал, сезгіш, аңғарғыш (opp: insensitive) ♦a sensitive and caring man – ұғатын әрі қамқор жан ♦∼ to smth She is very sensitive to other people's feelings. – Ол басқа адамдардың сезімдеріне түсінікпен қарайды. ♦Schools must be sensitive to the needs of different cultures, races and religions. – Мектептер түрлі мәдениеттерді, нәсілдерді және діндерді ұға білуі тиіс. 2. сезімтал, сезгіш, тітіркенгіш (opp: insensitive) ♦sensitive areas of the body – дененің сезімтал/ сезгіш/ тітіркенгіш тұстары ♦∼ to smth My teeth are very sensitive to cold food. – Тістерім суық тағамды тез сезеді. ♦Young children are particularly sensitive to the harmful effects of pesticides. – Кішкентай балаларда пестицидтердің зиянды әсері тез білінеді. ♦The eyes of some fish are acutely sensitive to light. – Кейбір балықтардың көзі жарықты қатты сезеді. ♦I have become increasingly sensitive to the sun. – Күнге денем тітіркенетін болып алды. ♦These drugs can make skin extremely sensitive to sunlight. – Бұл дәрілерден соң тері күннен тітіркенуі мүмкін. ♦Coral reefs are very sensitive to changes in seawater temperature. – Маржан рифтері/ жалдары теңіз суы температурасының өзгеруін сезгіш. 3.әсерлі, тебіренген ♦an actor’s sensitive reading of the poem – актердің поэманы тебірене оқуы ♦a sensitive portrait – әсерлі портрет 4.ашуланшақ, шамшыл, ренжігіш, ызақор, ширыққыш, нәзік (opp: insensitive) ♦You're far too sensitive. – Тегі шамшылсың. ♦∼ about smth He's very sensitive about his weight. – Ол дене салмағын ойлап қалған. ♦∼ to smth She's very sensitive to criticism. – Ол сын көтере алмайды. 5. «сезімтал», «нәзік», «шетін» (өте абай болу керек документ, тб) ♦sensitive information/data – шетін мәлімет/ дерек ♦highly sensitive documents – аса шетін документтер ♦Healthcare is a politically sensitive issue. – Денсаулық сақтау саласы – саяси нәзік/ шетін мәселе. ♦That's a sensitive area. – Ол өте нәзік/ шетін тұс/ сала. ♦a sensitive subject/topic/matter – нәзік/ шетін тақырып/ мәселе 6. ∼ (to smth) сезгіш, сезімтал (opp: insensitive) ♦a sensitive instrument – аса сезгіш аспап/ инструмент ♦The eyes can be a sensitive indicator of health. – Көзден денсаулықты білуге болады. ♦(figurative) The Stock Exchange is very sensitive to political change. – Қор биржасы саяси өзгерістерге өте сезімтал.