sentence [ˈsentəns] A.n 1. (grammar) сөйлем ♦Does the sentence contain an adverb? – Сөйлемде үстеу бар ма? ♦There are mistakes in grammar, sentence structure and punctuation. – Грамматикада, сөйлем құрылымында және пунктуацияда қателер бар. ♦Let's take that paragraph apart sentence by sentence. – Ана параграфты сөйлем-сөйлемге бөлейік. 2. (сот шығарған) жаза, үкім ♦a jail/prison sentence – түрмеге/ абақтыға жабу, бас бостандығынан айыру ♦a custodial sentence – бас бостандығынан айыру ♦a harsh/stiff/heavy/lengthy sentence – қатал / ауыр/ ұзақ жаза ♦a light/lenient sentence – жеңіл жаза ♦The court will impose an appropriate sentence. – Сот тиісті жазаға тартады. ♦He spent a week in custody awaiting sentence. – Ол сот үкімін күтіп бір жеті қамақта отырды. ♦She could face a long prison sentence. – Оны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін. ♦The Supreme Court recently upheld both of these sentences. – Жоғарғы сот осы үкімдердің екеуін де күшінде қалдырды. B.v (сот ж) үкім шығару, жаза кесу, жаза беру, жазаға тарту ♦∼ smb to smth He sentenced the defendant to life in prison. – Ол айыпталушыны өмір бойы түрмеге жапты/ бас бостандығынан айырды. ♦to be sentenced to death/life imprisonment – өлім жазасына/ өмірлік қамауға кесілу ♦He was convicted and sentenced to a four-year jail term. – Оны кінәлі деп тауып, төрт жылға кесті. ♦She was sentenced to do 30 hours of community service. – Оны отыз сағаттық қоғам жұмысына кесті.