separate A.adj [ˈseprət] 1.бөлек, оңаша, жеке ♦They have begun to sleep in separate rooms. – Олар бөлек бөлмелерде ұйықтай бастады. ♦∼ from smb/smth Raw meat must be kept separate from cooked meat. – Шикі ет піскен еттен бөлек сақтаулы тиіс. ♦The school is housed in two separate buildings. – Мектеп екі бөлек үй-жайда орналасқан. ♦Write a list of names on a separate piece of paper. – Аты-жөндерін бөлек/ жеке параққа жаз. 2.бөлек, басқа, жеке ♦a separate incident/issue – бөлек оқиға/ мәселе ♦The companies now exist as two separate entities. – Компаниялар енді - екі бөлек заңды тұлға. ♦∼ from smth I try to keep my private life separate from my work. – Жеке өмірімді жұмысымнан аулақ ұстауға тырысамын. ♦It happened on three separate occasions. – Бұл үш бөлек кезде болған. ♦a separate state – бөлек/ жеке/ өзінше мемлекет 3. (idm) *go your separate ways бөлек кету, айырылысу ♦When the business was sold they went their separate ways. – Бизнестері сатылған соң олар (бір-бірінен) бөлек кетті. ♦When we finished school, we all went our separate ways. – Мектеп бітірген соң бәріміз әр жаққа кеттік. *under separate cover (business) бөлек/ жеке конвертте ♦The information you requested is being forwarded to you under separate cover. – Сіз сұраған деректі жеке конвертпен жіберейін деп жатыр. B.v [ˈsepəreɪt] 1.бөлу, бөлектеу, ажырату, айыру ♦Stir the sauce constantly so that it does not separate. – Соусты бөлінбес үшін ылғи араластыр. ♦∼ smth Separate the eggs. – Жұмыртқаның сарысын ағынан ажырат. ♦A civil war separated the two sides. – Азамат соғысы екі жақты айырды. ♦∼A and B the law separating church and state – шіркеу мен мемлекетті ажырататын заң ♦∼ smb/smth A thousand kilometres separates the two cities. – Екі қаланы мыңдаған километр бөліп тұр. ♦At this point a barbed wire fence separates the United States and Mexico. – Осы тұста тікентемірлі қоршау Құрама Штаттар мен Мексиканы бөледі. 2.ажырау, айырылу, бөлектену ♦South America and Africa separated 200 million years ago. – Оңт. Америка мен Африка 200 млн (бір-бірінен) ажыраған. ♦They are actually twins separated at birth. – Олар туған кезде ажырап қалған егіздер. ♦∼ from smth South America separated from Africa 200 million years ago. – Оңт. Америка Африкадан 200 млн жыл бұрын ажыраған. ♦The war separated many families. – Соғыс талай үй-ішін айырды. 3.ажырасу, айырылысу ♦They separated last year. – Олар өткен жылы ажырасқан. ♦∼ from smb He separated from his wife after 20 years of marriage. – Ол жиырма жыл бірге тұрған соң, әйелінен ажырасты. 4. ∼ smb/smth (from smb/smth) (жікке) бөлу, оқшаулау, алыстату; (арасын) бөлу, жекелеу (syn: divide) ♦Politics is the only thing that separates us. – Бізді жікке бөлетін - тек саясат. ♦Her lack of religious faith separated her from the rest of her family. – Дінге онша сенбеуі оны үй-ішінің басқа мүшелерінен оқшаулады/ жекеледі. ♦The judges found it impossible to separate the two contestants. – Қазылар қос сайыскердің қайсысына жеңісті берерін білмеді. ♦Only four points separate the top three teams. – Алдағы үш команданы небәрі үш ұпай ғана бөліп тұр. 5. (idm) *separate/sort out the men from the boys [қ-з: man (А14)] *sort out/separate the sheep from the goats адамдарды тану, кімнің қандай екенін білу *sort out/separate the wheat from the chaff «бидайды мекенінен/ топанынан айыру/ ажырату», керек адамды/ нәрсені керек еместерінен айыра білу ♦We sifted through the application forms to separate the wheat from the chaff. – Керек адамдарды іздеп анкеталарды/ арыздарды сүзіп шықтық. 6. (phr v) *separate out (from smth) | separate smth out (from smth) бірнеше бөлікке бөл(ін)у ♦As the water boils, the oil from the seeds slowly separates out. – Су қайнаған сайын дәндегі май баяу бөліне бастайды.