serve [sɜːv] A.v 1. (ресторанда, тб тамақ, тағам, тб) беру, ұсыну, (табақ) тарту ♦∼ (smth) Breakfast is served between 7 and 10 a.m. – Таңғы асты 7 мен 10-ның арасында береді. ♦When do you stop serving hot food? – Ыстық тамақты қашан беріп боласыңыз? ♦Pour the sauce over the pasta and serve immediately. – Пастаға соус құй да бірден тарт. ♦Shall I serve? – Ас тартайын/ берейін бе? ♦∼ smth with smth Serve the lamb with new potatoes and green beans. – Қойды жаңа піскен картоп және жасыл бұршақпен тарт. ♦∼ smth to smb They served a wonderful meal to more than fifty delegates. – Олар елуден аса делегатқа мол ас тартты. ♦This dish will serve four hungry people. – Бұл тағам/ тамақ төрт адамға ас болады. 2. ∼ (smb) (especially BrE) (тұтынушыларға/ клиенттерге) қызмет көрсету, жәрдемдесу ♦Are you being served? – Жәрдем қажет пе? ♦to serve customers – клиенттерге қызмет көрсету ♦She was serving behind the counter. – Ол таныстарына білдіртпей қызмет көрсетіп жатқан. 3. ∼ smth/smb пайдалы болу, біреудің қамын/ пайдасын көздеу/ ойлау ♦These experiments serve no useful purpose. – Бұл эксперименттер – бос әурешілік. ♦Most of their economic policies serve the interests of big business. – Олардың экономикалық саясатының көпшілігі ірі бизнестің пайдасын күйттейді. ♦How can we best serve the needs of future generations? – Болашақ ұрпақтың қамын қалай ойласақ екен? ♦Art serves an important function in our society. – Өнер қоғамымызда маңызды қызмет атқарады. ♦This old car has served me very well. – Осы көне машина маған қызмет етуін етті. 4. (қауымға, тб) қызмет ету/ көрсету ♦∼ smb/smth The centre will serve the whole community. – Осы орталық бүткіл қауымға қызмет ететін болады. ♦∼ smb/smth with smth The town is well served with buses and major road links. – Қалада жақсы автобус желісі мен күре жолдар байланысы бар. 5.қызмет істеу/ атқару, жұмыс істеу ♦∼ as smth He served as a captain in the army. – Ол армияда капитан болған. ♦She was elected to serve as secretary of the local party. – Оны жергілікті партия(ның) хатшысы етіп сайлады. ♦to serve as president/director – президент/ директор болу/ болып қызмет атқару ♦∼ under/with smb He served under Tony Blair in the 1990s. – Ол Тони Блэйрдің тұсында қызмет еткен. 6. ∼ (as smth) (қажетке) жарау, жарамды болу ♦The sofa will serve as a bed for a night or two. – Осы диван бір-екі күн төсек болуға жарайды. 7.әсер ету, бірн-е іспетті/ сияқты болу ♦∼ as smth The judge said the punishment would serve as a warning to others. – Судья жаза басқаларға ескерту сияқты болады деді. ♦The highly visible ruins serve as a reminder of the building's history. – Сонаудан көрінетін құландылар ғимараттың тарихынан сыр шертеді. ♦∼ to do smth The attack was unsuccessful and served only to alert the enemy. – Шабуыл/ Атака сәтсіз болып, тек жаудың есін жиғызды. ♦This only served to complicate the situation further. – Бұл жағдайды тек ушықтыра түсті. 8. ∼ smth түрмеде/ абақтыда болу/ отыру ♦prisoners serving life sentences – өмір бойына кесілгендер ♦She is serving two years for theft. – Ол ұрлағаны үшін екі жыл түрмеде отыр. ♦He has served time before. – Ол (түрмеде) отырған/ отырып шыққан. 9. (law) (біреуге) сотқа келуге шақыру жіберу/ беру ♦∼ smth (on smb) to serve a writ/summons on somebody - біреуге сотқа келуге шақыру жіберу ♦∼ smb with smth to serve somebody with a writ/summons - біреуге сотқа келуге шақыру жіберу 10. (теннисте, тб) допты ойынға қосу/ соғу, подача беру ♦Who's serving? – Кім допты (ойынға) соғады? ♦∼ smth She served an ace. – Ол (допты ойынға соғып) бірден эйс қылды/ ұпай алды. 11. (idm) *do/pull/serve double duty (as smth) [қ-з: pull (А16)] *first come, first served [қ-з: first (В5)] *if (my) memory serves me well, correctly, etc. [қ-з: memory (6)] *it serves smb right (for doing smth) [қ-з: right (В7)] *serve your/its turn (BrE) белгілі бір кезде пайдалы болу *serve two masters [қ-з: master (А14)] 12. (phr v) *serve smth out a) (жұмысын, түрмеде отыруын, тб) жалғастыру; қызмет атқару ♦He has three more years in prison before he's served out his sentence. – Ол түрмеде әлі үш жыл отырады. ♦(BrE) They didn't want me to serve out my notice. – Олар менің өтінішімді орындағысы келмеді. b) (BrE) ас тарату/ таратып беру ♦I went around the guests serving out drinks. – Қонақтарға сусын тараттым. *serve smth up a) ас/ тамақ беру/ тарату, табақ тарту ♦He served up a delicious meal. – Ол дәмді ас берді. b) ұсыну, беру ♦She served up the usual excuse. – Әдеткі сылтауын айтты. ♦The teams served up some fantastic entertainment. – Командалар тамаша ойын көрсетті. B.n (теннисте, тб) допты ойынға қосу/ соғу, подача беру; соққы, подача ♦He has not lost his serve in three matches. – Ол үш матчта допты ойынға қосқан кездерінде ұпай жоғалтқан емес.