service [ˈsɜːvɪs] A.n 1.қызмет (үкіметтің, компанияның, тб) ♦the ambulance/bus/postal service – жедел жәрдем/ автобус/ почта қызметі ♦The government aims to improve public services, especially education. – Үкімет қоғамдық қызметтерді, әсіресе білім саласын жақсартпақ(шы). ♦Essential services will be maintained. – Негізгі (коммуналдық) қызметтерді (су, газ, электр жеткізу) күтіп ұстайтын болады. 2. (also S∼) қызмет ♦the prison service – түрме/ абақты жүйесі ♦the BBC World Service – Би-Би-Си әлем (жаңалықтары) қызметі ♦the Foreign Service – дипломатиялық қызмет 3. қызмет көрсету саласы, қызмет ♦financial services – қаржы қызмет(тер)і ♦the development of new goods and services – жаңа өнімдер мен қызметтер шығару ♦Smith's Catering Services – Смит(тің) катериң қызметі/ тамақ жеткізу қызметі ♦We guarantee (an) excellent service. – Үздік қызмет көрсетуге уәде береміз. ♦The number of people using the service has fallen. – Қызметті пайдаланатын адамдар саны азайды. ♦We offer clients a broad range of services. – Клиенттер(іміз)ге қызметтің ауқымды түрін ұсынамыз. ♦the service sector – (экономиканың) қызмет(тер) секторы/ саласы ♦a service industry – қызмет индустриясы 4. (клиенттерге) қызмет көрсету ♦The food was good but the service was very slow. – Тамақ жақсы болғанмен, қызметі өте баяу болды. ♦I complained about the poor service. – Нашар қызмет көрсеткені үшін шағымдандым. ♦10% will be added to your bill for service. – Счетыңызға қызмет үшін 10% қосылады. 5.қызмет, жұмыс, еңбек ♦∼ with smth She has just celebrated 25 years' service with the company. – Ол компанияда 25 жыл істегенін/ еңбектенгенін тойлады/ атап өтті. ♦She was presented with a long-service award after 40 years with the firm. – Ол фирмадағы 40 жыл еңбегі үшін арнайы сыйлық алды. ♦The employees have good conditions of service. – Қызметкерлер үшін барлық жұмыс жағдайы жасалған. ♦voluntary service – ерікті қызмет/ жұмыс 6.әскери қызмет ♦Most of the boys went straight into the services. – Ұл балалардың көбі бірден әскерге кетті. ♦He saw service in North Africa. – Ол әскерде Солт. Африкада қызмет етті. ♦After service in the US Army, he began his legal career. – АҚШ армиясында қызмет еткен соң, ол заңгерлік ісін бастады. ♦the country's military intelligence services – елдің әскери барлау қызметі ♦a service family – әскери қызметкерлер әулеті/ үй-іші 7.қызмет ♦That computer gave us very good service. – Компьютер бізге өте жақсы көмектесті. ♦in ∼ This bus is not in service. – Бұл автобус істемейді/ қызмет көрсетпейді. ♦out of ∼ The ship will be taken out of service within two years. – Кемені екі жылдан соң қызметтен шығарады. ♦the cancellation of the 10.15 service to Glasgow – Глазгоға сағат 10.15-тегі рейстің болмай қалуы 8. (машина, жабдыққа, тб) қызмет көрсету, тексеру, тексеріп-жөнде(т)у ♦a service engineer – жөндеуші инженер ♦(BrE) I had taken the car in for a service. – Машинаны тексеріп-жөндеттім. ♦(NAmE) I had taken the car in for service. – Машинаны тексеріп-жөндеттім. 9. (formal) қызмет, жәрдем, көмек ♦You need the services of a good lawyer. – Саған жақсы бір юрист керек. ♦∼ as smb/smth He offered his services as a driver. – Ол өзін жүргізушілікке ұсынды. 10.діни рәсім/ шара/ қызмет ♦a funeral/memorial service – жерлеу/ еске алу рәсімі ♦More than 100 people attended the service. – (Діни) рәсімге жүзден аса кісі қатысты. ♦to go to morning/evening service – шіркеудегі таңғы/ кешкі қызметке бару 11. ∼s (BrE) жол бойындағы қызмет/ сервис орталығы/ орны, сервис-центр ♦motorway services – күре жолдағы қызмет/ сервис орталығы ♦It's five miles to the next services. – Келесі сервис орнына бес миль бар. 12. (теннисте, тб) допты ойынға қосу/ соғу, подача беру; соққы, подача (syn: serve) ♦It's your service. – Соққы/ Подача сенікі. ♦Her service has improved. – Оның доп соғысы жақсарыпты. 13. сервиз (ыдыс-аяқ жиынтығы) ♦a tea service – шай сервизі/ ыдыстары 14. (old-fashioned) үй қызметшісі/ жалшысы болу ♦to be in/go into service – үй қызметшісі болып істеу/ жалдану ♦a job in domestic service – үй қызметшісі жұмысы 15. (law) ресми документ беру/ табыс ету ♦the service of a demand for payment – төлем талап еткен қағаз табыстау 16. (idm) *at the service of smb/smth | at smb’s service (біреудің/ бірн-нің) қызметінде болу, қызмет еуге әзір болу ♦Healthcare must be at the service of all who need it. – Денсаулық сақтау қызметі мұқтаж адамдардың бәріне қызмет етуі тиіс. ♦(formal or humorous) If you need anything, I am at your service. – Сізге бірнәрсе керек болса, маған айтыңыз. ♦The cabin staff are at your service throughout the flight. – Экипаж командасы ұшу кезінде сізге қызмет етуге әзір. *be of service (to smb) (formal) көмектесе алатындай болу, пайдалы болу ♦Can I be of service to anyone? – Ешкімге жәрдем керек пе? *do smb a/no service (formal) біреуге/ өзіне көмегі тиер/ кесір болар іс істеу ♦She was doing herself no service by remaining silent. – Үндемеуінің кесірі өзіне тиіп жатты. ♦You have done us a great service. – Бізге көп көмектестің. *press smb/smth into service [қ-з: press (В12)] B.v 1. (машина, жабдыққа, тб) қызмет көрсету, тексер(т)у, тексеріп-жөнде(т)у ♦have smth ∼d We need to have the car serviced. – Машинаны тексертіп алуымыз керек. ♦be ∼d Make sure your boiler is serviced regularly. – Бойлерің(із)ді үнемі тексеріп отырсын. 2.қызмет көрсету (syn: serve) ♦be ∼d by smth/smb Botley is well serviced by a regular bus route into Oxford. – Ботлиден Окфсордта автобус жақсы қатынайды. ♦∼ smth/smb This department services the international sales force. – Бұл бөлім халықаралық саудамен айналысады. 3. ∼ smth (finance) қарызын өтеу ♦The company can no longer service its debts. – Компания қарызын өтей алмай қалды.