set

set [set] A.v (pt, pp set) 1. (белгілі бір уақытқа, режимге, тб) қою ♦∼ smth Have you set the alarm clock? – Сағат қоңырауын қойдың ба? ♦∼ smth She set the camera on automatic. – Ол камераны автоматқа қойды. I set my watch by the TV. – Телевизорға қарап сағатымды түзедім. Set the alarm for 7 o'clock. – Қоңырауды таңғы 7-ге қой. 2. (столды тамаққа) әзірлеу, (ыдыс-аяқ) қою, реттеу ♦∼ a/the table Can you help me set the table? – Столды әзірлеуге маған жәрдемдесші. ♦∼ a/the table for smb/smth Could you set the table for dinner? – Столды асқа әзірлеші. The table was set for six guests. – Алты қонаққа (арнап) стол әзірленді. 3. ∼ smth (деңгей, дәреже, мөлшер, тб) енгізу, белгілеу, тб ♦This could set a new fashion. – Бұл жаңа сәнге айналуы мүмкін. They set high standards of customer service. – Олар клиенттерге қызметтің жоғары үлігісін көрсетті. I am unwilling to set a precedent. – Дағдыдан ауғым келмейді. She set a new world record for the high jump. – Ол биік(тік)ке секіруден жаңа әлемдік рекорд жасады. I rely on you to set a good example. – Сенің үлгі болғаныңды қалаймын. The opening scene sets the tone for the rest of the movie. – Алғашқы көрініс(-ақ) киноның/ фильмнің аяқ алысын аңдатады. 4.істеу, (мақсат, тб) қою, тб ♦∼ smth Who will be setting the French exam? – Француз тілінен емтихан сұрақтарын кім жазбақ? The government has set a growth target of 6%. – Үкімет 6% өсуді жоспарлады. ♦∼ smth for smth What books have been set for the English course? – Ағылшын тілі курсында қандай кітаптар оқитын болды? ♦∼ smth for smb/yourself She's set a difficult task for herself. – Ол өзіне қиын міндет жүктеді. He likes to set challenging goals for himself. – Ол алдына қиын мақсаттар қойғанды ұнатады. 5. ∼ smth белгілеу, анықтау, қою ♦They haven't set a date for their wedding yet. – Олар үйлену тойларының күнін әлі белгілемеді. The government has set strict limits on public spending this year. – Үкімет осы жылы шығындарға қатаң шектеулер қойды. to set the agenda – күн тәртібін белгілеу/ анықтау Set a time limit for your studying each night. – Кешкі оқуыңа белгілі бір шек қой. to set the price of oil – мұнай бағасын белгілеу 6. (пьесаның, кітаптың, тб көрінісін, оқиға желісін) қою, орналастыру, өрбіту ♦be The novel is set in London in the 1960s. – Роман оқиғасы 1960 жылдардағы Лондонда болады. The movie is set in Los Angeles in the year 2019. – Фильм 2019 жылғы Лос-Анджелесте өрбиді. This powerful drama is set against the backdrop of the Civil War. – Бұл тегеурінді драма азамат соғысы жылдарын көрсетеді. 7.орналасу ♦be The house is set in fifty acres of parkland. – Үй елу акрлік бақта орналасқан. 8. ∼ smth/smb (бір жерге, тб) қою, орналастыру ♦She set a tray down on the table. – Ол астауды столға қойды. They ate everything that was set in front of them. – Олар алдарына қойған нәрсенің бәрін жеді. When she fell he picked her up and set her on her feet again. – Ол (қыз) құлағанда, ол (жігіт) оны көтеріп тұрғызды. 9.қою, істету, тб ♦∼ smb/smth Her manner immediately set everyone at their ease. – Оның өзін ұстасына қарап бәрі (өздерін) еркін сезінді. He pulled the lever and set the machine in motion. – Ол тетікті тартып, аппаратты/ жабдықты істетті. The new leader has set the party on the road to success. – Жаңа жетекші партияны табыс жолына салды. Demonstrators set two cars on fire. – Демонстранттар екі машинаға от қойды. Demonstrators set fire to two cars. – Демонстранттар екі машинаны өртедеі. ♦∼ smb/smth The hijackers set the hostages free. – Кісі ұрлаушылар тұтқындарды босатты. ♦∼ smb/smth doing smth Her remarks set me thinking. – Оның сөздері мені ойландырды. 10. (күн, ай, тб ж) бату (opp: rise) ♦We sat and watched the sun setting. – Отырып, күннің батуына қарадық. 11.асыл тасты қымбат бұйымға қою/ салу/ орналастыру, асыл таспен зерлеу ♦∼ A in B She had the sapphire set in a gold ring. – Ол сапфирмен/ көк жақұтпен алтын жүзікті зерледі. ♦∼ B with A Her bracelet was set with emeralds. – Білезігі зүмрүтпен (изумруд) зерленген. 12.қатаю, қату; кебу ♦Leave the concrete to set for a few hours. – Цемент/ Бетон бірнеше сағат қатайсын. The glue had set hard. – Желім қата/ кебе бастады. 13. ∼ smth (адамның бет-жүзі ж) оқталу, нығарла(н)у ♦Her jaw was set in a determined manner. – Жағы нығарланған. 14. ∼ smth шашын реттеу/ сәндеу ♦She had her hair washed and set. – Ол шашын жуып сәндеді. 15. ∼ (smth) сынған сүйекті салу ♦The surgeon set her broken arm. – Хирург оның сынған қолын салды. 16. ∼ smth (specialist) жабдықты не компьютерді белгілі бір жұмысқа ыңғайлау/ түзеу/ қою 17. ∼ smth (to smth) өлеңге/ тақпаққа ән жазу ♦Schubert set many poems to music. – Шуберт талай өлеңге ән жазған. 18. (phr v) *set about smb (BrE, old-fashioned, informal) біреуге шабуылдау/ тиісу/ қол көтеру *set about smth | set about doing smth істей бастау ♦She set about the business of cleaning the house. – Ол үй тазалау кәсібін/ бизнесін бастады. We need to set about finding a solution. – Бір шешім іздей бастауымыз керек. ​*set smb against smb ​біреуді біреуге қарсы қою, жанжалдастыру, жауластыру ♦She accused her husband of setting the children against her. – Ол күйеуін балаларды өзіне қарсы қойдың деп кінәлады. *set smth (off) against smth a) таразылай салыстыру/ пайымдау, таразылау ♦Set against the benefits of the new technology, there is also a strong possibility that jobs will be lost. – Жаңа технология пайдалы-ақ, алайда оның кесірінен жұмыс орындарының қысқаруы әбден мүмкін. b)​ (finance) (салықты азайту үшін) жұмсалған шығындарды көрсету ♦to set capital costs off against tax – салық төлегенде бизнесті дамытуға жұмсаған шығынды шегеру *set smb/smth apart (from smb/smth) ​басқалардан жақсы етіп көрсету, басқалардан даралау/  ерекшелеу ♦Her elegant style sets her apart from other journalists. – Оның сындылығы өзін басқа журналистерден даралайды. *set smth apart (for smth) (бірн-ге) арнау, қойып қою ♦Two rooms were set apart for use as libraries. – Екі бөлмені кітапхана қылуға арнады. *set smth aside a) (ақшаны, уақытты, жерді, тб) сақтау, қойып қою, сақтап қою, үнемдеу, арнау ♦She tries to set aside some money every month. – Әр ай сайын ол біраз ақша үнемдеуге тырысады. The government has set aside thousands of acres of land as protected wilderness. – Үкімет мыңдаған акр жерді қорғалған табиғат ретінде қойды. b) қоя тұру, шетке ысыра тұру (syn: disregard) ♦Let's set aside my personal feelings for now. – Менің көңілімді әзірге қоя тұралық. c) (law) сот  шешімін танымау/ мойындамау ♦The verdict was set aside by the Appeal Court. – Аппеляциялық сот шешімді танымады. *set smth/smb back шегеру, кешуілдету, кештету, кешіктіру ♦The bad weather set back the building programme by several weeks. – Нашар ауа-райы құрылысты бірнеше аптаға шегерді. *set smb back smth (informal) шығындану ♦The repairs could set you back over £200. – Жөндеуге £200 жұмсауың(ыз) мүмкін. *set smth back (from smth) қашықта орналастыру ♦The house is set well back from the road. – Үй жолдан біршама қашық(та) орналасқан. ​​*set smb down (BrE) (автобусты, тб тоқтатып, жолаушыны) түсіру ♦Passengers may be set down and picked up only at the official stops. – Нақты аялдамаларда ғана жолаушыларды түсіріп-мінгізу мүмкін. *set smth down a) қағазға жазып алу, мәліметті тіркеу b) (ереже, принцип, тб) белгілеу, енгізу ♦The standards were set down by the governing body. – Стандарттарды/ Талаптарды басқарма белгілеген. *set forth ​(literaryаттану, сапар бастау, жолға шығу, жол тарту *set smth forth ​(formal) айту, мәлім ету (syn: expound) ♦The president set forth his views in a television broadcast. – Телевизордан сөйлегенде президент өз пікірлері жайлы айтты. *set in ​(жауын, нашар ауа-райы, инфекция, тб ж) басталу, басталып жалғасу ♦The rain seemed to have set in for the day. – Жауын күні бойы жауатын сияқты. *set smth in/into smth бекіту, мықтау, орнату ♦a plaque set into the wall – қабырғаға орнатқан (ескерткіш) тақташа *set off ​ аттану, сапар бастау, жолға шығу, жол тарту We set off for London just after ten. – Он болысымен Лондонға жол тарттық. *set smth off a) бомба, тб жару ♦A gang of boys were setting off fireworks in the street. – Бір топ бала көшеде фейерверк атып жүрді. b) дабыл/ қоңырау қағу ♦Opening this door will set off the alarm. – Мына есікті ашса, дабыл қағылады. *set on/upon smb біреуге шабуылдау, бас салу, дүрсе қоя беру ♦I opened the gate, and was immediately set on by a large dog. – Қақпаны ашқаным сол екен, бір үлкен ит тұра ұмтылды. ​*set smb/smth on smb біреуге қарсы қою/ айдап салу ♦The farmer threatened to set his dogs on us. – Фермер бізге итті жіберемін деп қорқытты. *set out a) аттану, сапар бастау, жолға шығу, жол тарту ♦They set out on the last stage of their journey. – Олар сапарының соңғы кезеңіне аттанды. b) іске, тб кірісу ♦She set out to break the world record. – Ол әлем рекордын жаңартпақ.They succeeded in what they set out to do. – Олар алға қойған мақсатына жетті. *set smth out ойластыру, рет-ретімен қою ♦Her work is always very well set out. – Оның жұмысы қашан да жақсы ойластырылған. He set out his objections to the plan. – Ол өзінің жоспарға қарсылығын рет-ретімен айтты.She set out the reasons for her resignation in a long letter. – Ұзақ хатта ол өзінің қызметтен кетуінің себебін тізді. *set to ​(old-fashioned, informal) қауырт/ бел шеше кірісу/ кірісіп кету *set smb up a) ақшалай жәрдемдесу ♦A bank loan helped to set him up in business. – Банк қарызы оған кәсібінде көмек болды. b) (informal) мықтырақ/ сауырақ/ ширақ ету, баптау ♦The break from work really set me up for the new year. – Жұмыстан демалыс мені жаңа жылға баптады. c) (informal) «тұзақ құру», біреуді әдейі жаман етіп көрсету ♦He denied the charges, saying the police had set him up. – Ол полиция өзіне тұзақ құрды деп, таққан айыптарды мойындамады. *set smth up a) бірн-е жасау/ ашу, бірн-е бастау ♦to set up a business – кәсіп/ бизнес ашу b) орнату, салу, тұрғызу, қою ♦The police set up roadblocks on routes out of the city. – Қаладан шығар жерлерде полиция посттар қойған. c) жабдықты/ машинаны әзірлеу/ дайындау/ таярлау ♦She set up her guitar and amp in her bedroom. – Ол электр гитары мен дыбыс күшейткішін ұйықтайтын бөлмесіне қойды. d) ойластыру, жоспарлау ♦I've set up a meeting for Friday. – Жұмаға кездесу тағайындадым. e) кірісу, бастау ♦The slump on Wall Street set up a chain reaction in stock markets around the world. – Уолл-Стриттегі төмендеу бүткіл дүние жүзіндегі қор биржаларында тізбекті реакция бастады. *set (yourself) up (as smth) кәсіп/ бизнес бастау/ ашу ♦She took out a bank loan and set up on her own. – Ол банктен қарыз алып, өз ісін бастады. B.n 1. ∼ (of smth) жима, жинақ, топтама, топ, жиынтық, тізбе(к), сет (набор, комплект) ♦a set of six chairs – алты орындығы бар жима a complete set of her novels – романдарының толық жинағы a set of false teeth – жасанды тіс тізбесі These companies operate under a strict set of rules. – Бұл компаниялар қатаң ережелерге сай жұмыс істейді. This is an unusual set of circumstances. – Бұл бір тосын жағдайлар тізбегі. Now they faced a whole new set of problems. – Олардың проблемасы/ мәселесі көп болды. You can borrow my keys - I have a spare set. – Менің кілттерімді алыңыз – менде тағы бар.a chess set – шахмат ойыны жинағы (шахматный набор) a television/TV set – телевизор a stunning solo set of ten songs – жеке орындаудағы керемет он ән жинағы 2. (sometimes disapproving) адамдар тобы ♦the smart set – жұрттың қаймағы/ ығайы-мен сығай, элита Dublin’s literary set – Дублиннің әдеби ортасы It's known as a playground for Scotland's rich hunting and fishing set. – Бұл Шотландияның аң, балық аулауға қызығатын байларының жүретін жері. 3. (фильмдегі, тб) көріністі түсіретін орын, көрініс орны, сцена ♦We need volunteers to help build and paint the set. – Бізге сценаны/ көрініс орнын тұрғызып, сырлайтын еріктілер керек. The locations and set designs were fabulous. – Көрініс орындары мен безендіруі керемет болды. The cast must all be on (the) set by 7 in the morning. – Актерлер таңғы 7-де бәрі сценаға/ көрініс орнына келсін. 4. (теннисте, воллейболда ойынның бір бөлігі) сет, партия ♦She won in straight sets. – Ол барлық сетті/ партияны ұтты. 5.сандар жиынтығы 6. (BrE) (белгілі бір үлгерім деңгейіндегі) оқушылар/ студенттер тобы ♦She's in the top set for French. – Ол француз тілінен үздік ондықта. 7. ∼ of smth (бет-әлпет ж) кескін, келбет ♦She admired the firm set of his jaw. – Оның жағының мығымдығын ұнатты. 8. (шаш ж) сән үлгісі ♦A shampoo and set costs £15. – Шампуньдап жуу мен шаш сәндеу - £15. 9.қаттылық, қатқандық, қатайғандық 10. (also sett) ін (борсықтың) 11.көшет, өскін ♦onion sets – пияз көшеттері C.adj 1.белгілі бір орында/ қалыпта орналасқан ♦a house set in 40 acres of parkland – 40 акр бақта орналасқан үй He had close-set eyes. – Көздері (бір-біріне) жақын орналасқан еді. 2.белгілі бір, нақты, жоспарлы ♦Each person was given set jobs to do. – Әр кісіге нақты жұмыстар берілген. The school funds a set number of free places. – Мектеп бос оқушы орындарының нақты бір санын қаржыландырады. Mornings in our house always follow a set pattern. – Таңертеңгісін үйімізде әдеткі тірлік басталады. New vehicles must comply with set safety standards. – Жаңа машиналар бірқатар сақтық стандарттарына сай болуы керек. 3. орныққан, қалыптасқан ♦set ideas/opinions/views – орныққан идеялар/ пікірлер/ көзқарастар As people get older, they get set in their ways. – Егде тартқан сайын адамдардың дағдысы орныға түседі. He had very set ideas of what he wanted. – Өзінің орныққан пікірлері болды. 4. (ресторандағы, тб ас ж) жинақ ас (комплексный обед) ♦a set dinner/lunch/meal – жинақ ас Shall we have the set menu? – Жинақ ас менюін беріңізші. 5. (болатын) сияқты; (бірн-ге я бірн-е істеуге) дайын, әзір ♦∼ for smth The team looks set for victory. – Команда жеңетін сияқты. ♦∼ to do smth Interest rates look set to rise again. – Проценттік ставкалар қайтадан өсетін сияқты. Be set to leave by 10 o'clock. – Сағат 10-да кетуге әзір бол. Get set… Go! – Дайындал... Баста!/ Кет! 6. (кісінің бет-жүзі ж) әдеткі, дағдылы; жасанды ♦a set smile – дағдылы жымиыс His face took on a set expression. – Жүзі дағдылы кейіпке түсті. 7. (idm) *be (dead) set against smth/against doing smth бірн-ге өте қарсы болу ♦Why are you so dead set against the idea? – Бұл ойға/ идеяға неге сонша(ма) қарсысың? Her father is dead set against the marriage. – Әкесі оған тұрмысқа шығуына өте қарсы. *be set on smth/on doing smth ​бірн-е болғысы келу; бел шеше кірісу, оқталу ♦She’s set on a career in medicine. – Ол медицина саласына барғысы келеді. He’s set on getting a new car. – Ол жаңа машина сатып алмақ. *on your marks, get set, go! орныңа бар, дайындал, жүгір! (жүгірушілерге берілетін бұйрық) *(get) ready, (get) set, go (also ready, steady, go! BrE) дайындал, қозғалма, жүгір! (жүгірушілерге берілетін бұйрық)