setting [ˈsetɪŋ] n 1.айнала, төңірек, орта, орын, тұс, жер ♦a rural/an ideal/a beautiful/an idyllic setting – ауылды/ керемет/ әдемі/ ғажап жер/ тұс ♦∼ for smth It was the perfect setting for a wonderful Christmas. – Бұл рождество үшін өте дұрыс орын болды. ♦an urban setting – қалалы жер ♦This is the first time the method has been tested in a clinical setting. – Алғаш рет осы тәсіл/ метод клиникалық ортада сыналды. ♦People tend to behave differently in different social settings. – Адамдар түрлі әлеуметтік ортада өздерін түрліше ұстайды. 2.оқиға/ көрініс орны/ жері, орта ♦short stories with a contemporary setting – қазіргі ортада өрбитін қысқа әңгімелер ♦New York City is the setting of his new novel. – Романындағы оқиға желісі Нью-Йоркте өрбиді. ♦∼ for smth London has been used as the setting for many films. – Лондонда талай фильм желісі өрбиді. 3.күй, жағдай, орын, позиция, режим ♦There are three speed settings: high, medium, and low. – Жылдамдықтың үш күйі бар: жоғары, орта және төмен. ♦at a ∼ The performance of the engine was tested at different settings. – Мотордың жұмысын түрлі жағдайда/ режимде тексерді. ♦The oven should be at a high setting. – Пеш жоғары температурада болуы керек. ♦on a ∼ He keeps the car's speakers on a low volume setting. – Ол машинасындағы радио дыбысын төмен қояды. ♦to adjust the temperature setting on your fridge – тоңазтқыштағы температура режимін ыңғайлау 4. (usually ∼s) түзеу, таңдау, икемдеу (компьютердегі, тб оны белгілі бір жұмыс режиміне түзейтін/ салатын тұс) (настройки) ♦To change the size of the font, go to Settings. – Әріп көлемін өзгерту үшін Түзеуге ен. ♦It's easy to change the settings on your device. – Девайсыңды/ Құралыңды түзеу оңай. ♦All tests were run at default settings. – Барлық сынақ дефолт түзеуінде жасалды. 5. (music) өлеңге/ тақпаққа жазылған ән ♦Schubert’s setting of a poem by Goethe – Гетенің өлеңіне жазылған Шуберттің әні 6.қымбат тасты зерлейтін/ орналастыратын асыл металл ♦a ruby in a heavy gold setting – алтынға зерленген жақұт (рубин) 7.ыдыс-аяқтың столға қойылуы (сервировка) ♦a place setting – әр қонаққа қажет ыдыс-аяқ