settle [ˈsetl] A.v 1. (мәселені, дауды, тб) реттеу, шешу ♦∼ smth to settle a dispute/a matter/an issue – дауды/ мәселені/ сұрақты реттеу ♦to settle a case/lawsuit/claim – істі/ сот ісін/ дауды реттеу ♦to settle an argument/a disagreement – айтысты/ келіспеушілікті реттеу ♦It's time you settled your differences with your father. – Әкеңмен араңды реттейтін уақыт болды. ♦I want this thing settled. – Бұ нәрсені реттейін дегенмін. ♦There is pressure on the unions to settle. – Мәселені реттеу үшін кәсіподақтарға қысым жасалуда. ♦The company has agreed to settle out of court. – Компания мәселені сотсыз шешуге келісті. ♦Many cases are settled through negotiation. – Талай істі келісіп шешіп жатады. ♦∼ with smb (for smth) The corporation later settled with the singer for $1.5 million. – Корпорация әншімен дауды $1.5 млн-ға реттеді. 2.шешу, реттеу ♦∼ smth It's all settled - we're leaving on the nine o'clock plane. – Бәрі шешілді – тоғыздағы самолетпен кетеміз. ♦Good, that's settled, then. – Жақсы, онда бұл шешілді. ♦Bob will be there? That settles it. I'm not coming. – Боб онда бола(ды) ма? Жетеді онда. Келмеймін. ♦He had to settle his affairs in Paris before he could return home. – Ол оралар бұрын Париждегі бар ісін реттеуі керек болды. ♦All the loose ends should be settled within 48 hours. – Олқылықтардың бәрін екі тәулікте реттеу керек. 3.қоныстану, қоныс тебу, көшіп бару/ келу, бір жерге біржола(та) тұрақтау ♦She settled in Vienna after her father's death. – Әкесі қайтыс болғаннан соң ол Венада тұрақтады. ♦She is an American who settled here a couple of years ago. – Ол - осында бірнеше жыл бұрын қоныстанған америкалық әйел. ♦∼ smth This region was settled by the Dutch in the nineteenth century. – Бұл өңірге голландиялықтар он тоғызыншы ғасырда көшіп келген/ қоныстанған. ♦a fertile area that was densely settled in early times – ерте замандарда адам тығыз қоныстанған құнарлы аймақ ♦They settled on undeveloped land along the Mississippi. – Олар Миссисипи бойындағы тың жерге орналасты/ қоныстанды. 4.жайғасу, жайғаса/ жайлы отыру/ орналасу ♦∼ (back) Ellie settled back in her seat. – Элли орнына жайғасты. ♦They prepared to settle in for the night. – Олар кешкісін үйде жайғаспақ болды. ♦∼ smb/yourself He settled himself comfortably in his usual chair. – Ол өз креслосына жайғаса отырды. ♦I settled her on the sofa and put a blanket over her. – Оны диванға жайғастырып, үстіне одеял(о) жаптым. 5. ∼ smth (бірн-ні) дұрыстап қою, тб ♦She settled the blanket around her knees. – Ол одеяломен тізесін орады. 6.жұбату, уату, тыныштандыру, көңілін көншіту ♦The baby wouldn't settle. – Бала уанбауда. ♦∼ smb/smth I took a pill to help settle my nerves. – Жүйкемді басу үшін дәрі іштім. ♦This should settle your stomach. – Бұл (дәрі) асқазаныңды дұрыстауы керек. 7. ∼ (on/over smth) түсу, жату, қону, тб ♦Dust had settled on everything. – Бәрін шаң басты. ♦Two birds settled on the fence. – Екі құс шарбаққа қонды. ♦I don't think the snow will settle. – Қар ұзақ жатады деп ойламаймын. ♦His gaze settled on her face. – Көзі оның жүзіне түсті. ♦Slowly dusk began to settle. – Баяу қараңғы түсе бастады. 8. ∼ (smth) шөгу, отыру; шөктіру ♦The crack in the wall is caused by the ground settling. – Қабырғадағы жарық(шақ) жердің шөгуінен болған. ♦Don't drink it yet. Let the grounds settle. – Әлі ішпе. Шөгінділер шөксін. 9. (қарызын, счетын, тб) төлеу ♦∼ smth Please settle your bill before leaving the hotel. – Қонақ үйден шықпас бұрын счетыңызды төлеңізші. ♦The insurance company is refusing to settle her claim. – Сақтандыру компаниясы (страховочная компания) оның талабын төлемей жатыр. ♦to settle their debts – қарыздарын төлеу 10. (idm) *let the dust settle | wait for the dust to settle [қ-з: dust (А3)] *settle a score/accounts (with smb) | settle an old score [қ-з: score (В9)] 11. (phr v) *settle down a) жайғасу, жайғасып отыру/ жату, жайлану ♦She settled down in an armchair to watch television. – Ол креслосына жайғасып, телевизор көрді. ♦I settled down with a book. – Жайғасып кітап оқыдым. b)тыныш өмір кеше/ сүре бастау, тұрақтау ♦When are you going to get married and settle down? – Қашан үйленіп, тұрақтамақсың? ♦It's time I settled down. – Тұрақтайтын уақтым болды. ♦She felt she wasn't yet ready to settle down. – Тыныш өмірге өзін әлі дайын емес сезінді. *settle down | settle smb down тыншу, тынышталу, сабасына түс(ір)у; тыныш ету ♦It always takes the class a while to settle down at the start of the lesson. – Кластың/ Сыныптың тынышталып, сабақ бастауы үшін біраз уақыт кетеді. ♦Now, come on, settle down! – Жә, енді, сабаңа түс! ♦I’m sure things will settle down soon. – Көп ұзамай мәселелер шешіледі деп ойлаймын. ♦The early goal settled the home side down. – Ерте голдан алаң иелері тыншыды. *settle for smth көну, келісу, бәтуаласу, ымыраласу ♦In the end they had to settle for a draw. – Ақыры олар тең ойынға келісті/ ымыраласты. ♦I couldn't afford the house I really wanted, so I had to settle for second best. – Қалаған үйіме шамам жетпеген соң, басқасына келістім. *settle in | settle into smth (жаңа үйге, жұмысқа, тб) үйрену, орнығу ♦How are the kids settling into their new school? – Қалай, балалар жаңа мектепке үйреніп жатыр ма? ♦You'll soon settle into a routine. – Көп ұзамай үйреніп кетесің. ♦It’s not always easy for a new player to settle in. – Жаңа ойыншының жаңа ортаға үйренуі/ орнығу ылғи да оңай емес. *settle on smth таңдау, шешу ♦Have you settled on a name for the baby yet? – Сәбиге ат/ есім таңдадың(ыз-дар) ма? ♦After much deliberation, he finally settled on a fur rug. – Көп ойланған соң, ол ақыры тері төсеніш алатын болды. *settle smth on smb (law) мұраға қалдыру/ беру ♦He settled part of his estate on his son. – Үй-жайының бір бөлігін ұлына беретін болды. *settle (down) to smth көңіл бөлу, назар салу/ аудару ♦They finally settled down to a discussion of the main issues. – Олар ақыры негізгі мәселелерді талқылауға кірісті. ♦He found it hard to settle to his work. – Көңілін жұмысына шоғырлай алмай қойды. B.n ағаш диван, ағаш скамейка (көне мебель)