severe [sɪˈvɪə(r)] adj (severer, severest) 1.ауыр, қиын, жаман ♦His injuries are severe. – Оның жаралары ауыр. ♦severe pain/depression/asthma – қатты шаншу/ ауыр депрессия/ астма ♦a severe illness/disease – ауыр ауру/ дерт ♦severe weather/storms – өте жаман ауа-райы/ дауылдар ♦a severe winter – қақаған қыс ♦severe damage – ауыр нұқсан 2.ауыр, қатал, мейірімсіз (syn: harsh) ♦a severe punishment/sentence/penalty – ауыр жаза/ сот үкімі/ айыппұл ♦∼ on/with smb The courts are becoming more severe on young offenders. – Сот жас қылмыскерлерге қатал бола түсуде. 3.безбүйрек, мейірімсіз, қатал, зілді (syn: stern) ♦a severe expression – зілді кейіп ♦She was a severe woman who seldom smiled. – Ол сирек жымиятын зілді әйел еді. 4.ауыр, қиын, қажытатын (syn: stiff) ♦The marathon is a severe test of stamina. – Марафон - шыдамға/ төзімге деген ауыр сынақ. 5. (disapproving) қарапайым, жұпыны, сүреңсіз, жай, өрнексіз, әрсіз, кейіпсіз, кескінсіз, көріксіз, өңсіз, реңсіз ♦Modern furniture is a little too severe for my taste. – Қазіргі мебель мен үшін тым сүреңсіз. ♦Her hair was short and severe. – Шашы шолтиған, сәнсіз еді. ♦She was wearing a severe dark grey jacket. – Үстінде сүреңсіз бір қарасұр жакет болды.