shadow [ˈʃædəʊ] A.n 1.көлеңке ♦The ship's sail cast a shadow on the water. – Кеменің желкені суға көлеңке(сін) түсірді. ♦The shadows lengthened as the sun went down. – Күн бата көлеңкелер ұзара түсті. ♦(figurative) He didn't want to cast a shadow on their happiness. – Ол олардың бақытын бұзғысы келмеді. 2. (also ∼s) қараңғы(лық) ♦in the ∼s I thought I saw a figure standing in the shadows. – Қараңғыда тұрған біреудің сұлбасын көргендей болдым. ♦in ∼ His face was deep in shadow, turned away from her. – Қараңғыда оның (еркектің) жүзі көрінбеді, басын басқа жаққа бұрған. ♦A man in black emerged from the shadows. – Қара киген бір ер адам қараңғыдан пайда болды. 3. ∼ of smth тап (бірн-ң), белгі, жұрнақ, жұғын (syn: hint) ♦A shadow of a smile touched his mouth. – Аузы жымиғандай болды. ♦She knew beyond a shadow of a doubt that he was lying. – Ол оның алдап тұрғанын еш бір шүбәсіз білді. 4.ықпал, әсер, «көлеңке» ♦The new leader wants to escape from the shadow of his predecessor. – Жаңа жетекші өзінен бұрынғыдан қалған іздерден құтылғысы келеді. ♦to live for years under the shadow of fear – талай жыл үрей астында өмір сүру 5. ∼s (шаршағаннан, тб болған) көз астындағы сызат ♦She looked pale, with deep shadows under her eyes. – Ол бозарып тұрды, көзінің астына терең сызаттар түскен. 6. «көлеңке» (біреуге еретін, біреуге толық бағынышты адам) 7. (idm) *be frightened/nervous/scared of your own shadow өз көлеңкесінен өзі қорқу *be a shadow/ghost of your former self [қ-з: self (5)] *in/under the shadow of a) өте жақын, қасында, жананда ♦The new market is in the shadow of the City Hall. – Жаңа базар қалалық кеңестің дәл қасында. b) (біреудің) көлеңкесінде/ тасасында болу, біреуге қарағанда онша байқалмау/ білінбеу ♦A younger son often lives in the shadow of his elder brother. – Кіші ұл көбінесе ағасының тасасында жүреді. B.v 1. ∼ smth көлеңкелеу, көлеңке түсіру ♦A wide-brimmed hat shadowed her face. – Кеңжиек қалпақ бетін көлеңкеледі. ♦The bay was shadowed by magnificent cliffs. – Шығанақты ғажайып жарлар көлеңкеледі. 2. ∼ smb (біреуді) аңду, өкшелеу ♦He was shadowed for a week by the secret police. – Оны құпия полиция бір жеті (бойы) аңдыды. 3. ∼ smb біреудің жанында жүріп кәсіп үйрену C.adj (BrE, politics) көлеңке (теневой) (негізгі оппозициялық партияның елдің түрлі салаларына жауапты мүшелері) ♦the shadow Chancellor – көлеңке қаржы министрі (теневой министр финансов) ♦the shadow Cabinet – көлеңке кабинет