shake [ʃeɪk] A.v (pt shook [ʃʊk], pp shaken [ˈʃeɪkən]) 1.шайқалу, сілкіну, теңселу, ырғалу; шайқау, сілку, теңселту, ырғау ♦The whole house shakes when a train goes past. – Пойыз өткенде бүткіл үй шайқалады/ сілкінеді/ теңселеді. ♦∼ smb/smth Shake the bottle well before use. – ♦Қолданар алдында бөтелкені қатты шайқа. ♦The explosion shook windows miles from the site. – Жарылыс талай миль қашықтағы терезелерді сілкіді. ♦∼ smb/smth by smth He shook her violently by the shoulders. – Ол оны иығынан алып өршелене сілкіді. ♦∼ smb/smth He knelt and gently shook her awake. – Жігіт қызды оятпақ болып, тізерлей жұмсақ ырғады. ♦She shook her hair loose. – Ол басын сілкіп шашын жайды. 2. ∼ smth сілку, сілкіп алып тастау, (үстін, тб) қағу ♦She bent down to shake a pebble out of her shoe. – Ол аяқ киіміне қадалған тасты алып тастау үшін еңкейді. ♦His father used to come home and shake the dust off his work clothes. – Әкесі үйге келіп, үстін қағатын. ♦He stood up, shaking sand everywhere. – Ол түрегелгенде, құм жан-жаққа шашырады. 3. (амандасқанда, тб) қол алу/ алысу ♦∼ hands Do people in Italy shake hands when they meet? – Италияда кісілер жолыққанда қол алыса(ды) ма? ♦∼ hands with smb She refused to shake hands with him. – Ол оның қолын алмай қойды. ♦∼ hands on smth They shook hands on the deal. – Олар контарктке қол қойып қол алысты. ♦∼ on smth They shook on the deal. - Олар контарктке қол қойып қол алысты. 4. ∼ your head басын шайқау (яғни, «жоқ» дегенді білдіру, мұңайғанын, күмәнданғанын көрсету) ♦‘Drink?’ he offered. She shook her head. – «Ішесің бе?» деп ол ұсынды. Ол (жоқ деп) басын шайқады. ♦She shook her head in disbelief. – Ол сенбей басын шайқады. ¨He shook his head at the thought. – Жаңағы ой оның басын шайқатты. 5. ∼ your fist (at smb) жұмырығын түю, жұдырығын көрсету/ шошаңдату/ сермеу ♦The man shook his fist at the court after he was sentenced. – Сот үкімі шыққанда кісі сот залына жұмырығын көрсетті. 6.дірілдеу, қалтырау, қалшылдау (syn: tremble) ♦Her hands had started to shake. – Қолдары дірілдей бастады. ♦∼ with smth He was shaking with fear. – Ол қорқып қалтырай бастады. ♦His whole body shook with rage. – Бүткіл денесі ашудан қалшылдады. ♦I was shaking like a leaf. – Жапырақша қалтырадым. 7. ∼ (with smth) (дауыс ж) дірілдеу ♦‘Who are you?’ he asked, his voice shaking. – «Кімсің(із)?» деп сұрады ол даусы дірілдей. ♦Her voice shook with emotion. – Көңілі босап, даусы дірілдеді. 8.сілкіну, сілку, тб (ашыну, таңырқау, шошу, тб мағынасында) ♦∼ smb He was badly shaken by the news of her death. – Оның қайтыс болғанын естіп ол есеңгіреп қалды/ оның тұла бойы дүр сілкінді. ♦∼ smb up The accident really shook her up. – Оқиға оны сілкіп тастады/ есеңгіретіп кетті. ♦Shaken up by the early goal against them, the team began to fight back. – Ерте голдан есеңгіреген команда қауқар көрсете бастады. 9. ∼ smth (сенімін, тб) шайқау, күмәндандыру, тб ♦The incident had shaken her faith in him. – Оқиғадан соң оның оған деген сеніміне сызат түсті. ♦This announcement is bound to shake the confidence of the industry. – Мына хабар индустрияның сенімін шайқамақ. 10.құтылу, арылу ♦∼ smth off I can't seem to shake off this cold. – Мына суықтан (тұмаудан) құтыла алмай(-ақ) қойдым. ♦∼ smth He couldn't shake the feeling that there was something wrong. – Бір шикілік бар деген ойдан арыла алмай қойды. 11. (idm) *shake/rock the foundations of smth | shake/rock smth to its foundations [қ-з: foundation: (5)] *shake in your boots/shoes (informal) қатты қорқу, зәресі ұшу; қобалжыған, абыржыған *shake a leg (old-fashioned, informal) тез қимылда дег мағ 12. (phr v) *shake down (informal) (ахуал, іс, тб ж) орнығу, бір ретке келу ♦Let's wait and see how everything shakes down. – Сәл шыдап, жағдайдың қалай болатынын көрелік. *shake smb/smth down (NAmE, informal) a) тінту, тінте қарау/ тексеру b) ақша бер деп қорқыту *shake smb off құтылу, құтылып кету ♦We managed to shake off the photographers. – Фотографтардан әйтеуір құтылдық. *shake smth out (шаң нәрсені, тб) сілку, қағу ♦to shake out a duster – шүберекті сілку *shake smth up «сілку», ауқымды өзгерістер жасау ♦The whole industry needs shaking up. – Бүткіл индустрияны сілку керек. B.n 1. [қ-з: shake (А1)] ♦She gave him a shake to wake him. – Ол оны оятпақ болып ырғады. ♦Give the bottle a good shake before opening. – Ашар алдында бөтелкені жақсылап шайқап ал. ♦∼ of smth He dismissed the idea with a firm shake of his head. – Ол ойды/ идеяны жақтырмағанын білдіріп басын шайқады. 2. the ∼s (informal) [қ-з: shake (А6)] ♦I always get the shakes before exams. – Емтихан алдында ылғи қалшылдаймын. 3. = milkshake ♦a strawberry shake – бүлдірген/ құлпынай милкшейгі 4. (idm) *be no great shakes (informal) онша жақсы/ ыңғайлы, тб емес болу *(give smb/get) a fair shake [қ-з: fair (А9)] *in two shakes | in a couple of shakes (informal) әп сәтте, жақын уақытта, көп ұзамай ♦We’ll be there in a couple of shakes. – Әп сәтте сонда боламыз.