shallow [ˈʃæləʊ] adj (shallower, shallowest) 1.таяз, саяз, тайыз (opp: deep) ♦a shallow dish/pan/bowl – таяз ыдыс/ таба/ кесе ♦a shallow sea/lake/pool/pond – таяз теңіз/ көл/ бассейн/ тоған ♦They were playing in the shallow end. – Олар бассейіннің таяз жағында ойнап жүрген. ♦These fish are found in shallow waters around the coast. – Бұл балық жаға(лау)ға жақын тайыз суда ұшырасады. ♦shallow roots – терең емес тамыр 2. (disapproving) (кісі, пікір, ой, идея, тб ж) шикі, таяз, ортаңғол (syn: superficial) ♦This shows how shallow their commitment to the environment really is. – Бұл олардың табиғатты қорғауға үлесінің таяздығын көрсетеді. ♦Tony seemed very shallow and immature. – Тони шикі әрі бос көрінді. ♦a shallow argument – шикі дәлел/ пірік 3. ∼ breathing аз-аздан дем алу/ ауа жұту