shame [ʃeɪm] A.n 1.ұят, ұят сезімі, арлану(шылық) ♦with ∼ His face burned with shame. – Беті ұяттан нарттай қызарды. ♦They should blush with shame. – Олар(дың) ұяттан қызаруы керек. ♦in ∼ She hung her head in shame. – Ұяттан басы салбырады. ♦∼ of smth The king preferred death to the shame of defeat. – Король жеңіліп абыройын төккеннен (гөрі) өлгенді қалады. ♦∼ for doing smth He was filled with shame for giving in to his anger. – Ашуға бой алдырғанына ол қатты ұялды/ кейіді. ♦To my shame I refused to listen to her side of the story. – (Мені) қара басып, оның істің қалай болғанын айтқанын тыңдамаптым. ♦Have you no shame? – Сенде ұят жоқ па?/ Ар-ұятың жоқ па? ♦She has no sense of shame. – Онда бір ұят сезімі жоқ. ♦There is no shame in wanting to be successful. – Табысты болғысы келгеннің (еш) ұяты жоқ. ♦(formal) She felt that her failure would bring shame on her family. – Сәтсіздікке ұшыраса (өз) үй-ішіне ұят болады деп ойлады. ♦He risked public shame and possible imprisonment. – Онда жұрт алдында абыройы төгіліп, түрмеге қамалу қаупі болды. 2. a ∼ ұят; обал; дұрыс еместік (syn: pity) ♦She's retiring because of ill health, which is a great shame. – Денсаулығына байланысты жұмысынан кетуде, обал бо(лы)пты. ¨What happened was a real shame. – Болған нәрсе – дұрыс емес. ♦∼ (that)… It's a shame that she wasn't here to see it. – Оның осында болып бұны көрмегені дұрыс болмапты. ♦Shame they didn't think of that earlier. – Олардың бұны ертерек ойламағаны дұрыс болмапты. ♦∼ to do smth It's a shame to see her wasting her talent like this. – Дарынын/ Талантын өстіп рәсуа ететіні дұрыс емес екен. ♦∼ for smb/smth to do smth It'd be a shame for us to give up now. – Істі енді тастағанымыз болмайды. ♦It seems such a shame to throw perfectly good food away. – Жап-жақсы тамақты лақтырып тастаған обал. 3. (idm) *put smb/smth to shame ұялту, біреуден асып түсу ♦Their presentation put ours to shame. – Олардың презентациясына қарап, біз өзіміздікінен ұялдық. ♦Her energy and enthusiasm puts the rest of us to shame. – Оның қуаты мен құлышынысына қарап өзімізден ұяламыз. *shame on you, him, etc. (informal) ұялмайсың ба дег мағ ♦Shame on you for doubting me! – Менен сезіктенгеніңе ұялмайсың ба! B.v 1. ∼ smb ұялту ♦His generosity shamed them all. – Оның жомарттығы бәрімізді күмілжітті. ♦The people who did this all deserve to be publicly shamed. – Осыны істеген адамдардың бәрі де жұрт көзінше әшкерелеуге лайықты. 2. ∼ smb (formal) ұятқа қалдыру, абыройын төгу ♦You have shamed your family. – Үй-ішіңді ұятқа қалдырдың. 3. (idm) *name and shame [қ-з: name (В5)] 4. (phr v) *shame smb into doing smth ұялтып істеткізу ♦She shamed her father into promising more help. – Әкесі ұялғанынан оған көбірек жәрдем беруге уәде берді. ♦An outcry from customers has shamed the company into lowering its prices. – Клиенттердің шағымынан ұялып, компания бағаларын төмендетті.