shape [ʃeɪp] A.n 1.пішін, түр, бейне, сын, кейіп, келбет, кескін, пошым, тұрпат, форма, фигура, бітім ♦a rectangular/spherical/cylindrical shape – пішіні/ формасы – тік төртбұрыш/ сфера/ цилиндр, тік төртбұрыш/ сфера/ цилиндр пішінді/ формалы ♦geometric shapes – геометриялық фигуралар ♦You can recognize the fish by the shape of their fins. – (Осы) балықты қанатының пішініне қарап ажыратуға болады. ♦They have completely different body shapes. – Дене бітімдері - әркелкі. ♦This old T-shirt has completely lost its shape. – Бұл футболка мүлде сынын жоғалтыпты. ♦in ∼ The island was originally circular in shape. - Арал әуелі шеңбер пішінді еді. ♦Several rooms are irregular in shape. – Бірнеше бөлменің пішіні – ретсіз. ♦all shapes and sizes – барлық формалар/ пішіндер мен көлемдер/ размерлер ♦Glass is blown or moulded into many shapes. – Әйнекті үрлеп не қалыпқа салып түрлі пішін/ форма жасайды. ♦in the shape of a heart – жүрек пішінді ♦(figurative) The government provides money in the shape of grants and student loans. – Үкімет грант не студент қарызы түрінде қаражат береді. 2.сұлба, кескін, бейне, нұсқа (syn: figure) ♦Ghostly shapes moved around in the dark. – Қараңғыда қараңдаған сұлбалар әрі-бері қозғалды. ♦I could just make out a dark shape in the distance. – Алыстан бір қарайған/ қараңдаған сұлба/ кескін көре алдым. 3. күй, бап, хал, жағдай ♦in … ∼ What sort of shape was the car in after the accident? – Оқиғадан кейін машинаның күйі қандай еді? ♦He's in good shape for a man of his age. – Сол жастағы адамдар үшін оның бабы/ күйі жақсы. ♦He’s not in any shape to be working. – Жұмысқа оның халі/ күйі жарамайды. 4.күй, пішін, сапа, сипат, тб ♦Will new technology change the shape of broadcasting? – Жаңа технология хабар тарату сипатын өзгерте(ді) ме? ♦Prices vary according to the size and shape of each project. – Құны әр жобаның ауқымы мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. ♦He did much to determine the shape of Asia's political map. – Ол Азияның саяси картасын пішіндеу үшін қажырлы еңбек етті. 5. (idm) *get bent out of shape (about/over smth) (NAmE, informal) ашулану, кею, шала бүліну ♦Don't get bent out of shape about it. It was just a mistake! – Осыған бола кейімек-ақ қой. Әшейін қате кетіпті! *get (yourself) into shape өзін бабына/ қалпына келтіру ♦I’m trying to get into shape before summer. – Жаздан бұрын бабыма келгім келеді. ♦I need to get back into shape after the Christmas holiday. – Рождество каникулынан кейін қалпыма келуім керек. *get/knock/lick smb into shape біреуді баптау/ шыңдау/ жаттықтыру ♦It took him just two weeks to knock the new recruits into shape. – Жаңа қызметкерлерді үйрету үшін оған екі-ақ апта қажет болды. ♦Leave the boy with me - I'll soon knock him into shape! – Ана баланы маған қалдыршы – біраз шыңдайын! *get/knock/lick smth into shape бірн-ні икемдеу/ баптау/ реттеу ♦I've got all the information together but it still needs knocking into shape. – Менде барлық дерек бар, сәл жүйелеуім керек. ♦It shouldn’t take long to get the company back into shape. – Компанияның жөнге салу үшін көп уақыт кетпес. *give shape to smth (formal) түсіндіру, ұқтыру ♦Marie tried to find the right words to give shape to the confusion in her head. – Мәри өзінің шатасқан күйін дұрыстап ұқтыруға тырысты. *in any (way,) shape or form (informal) барлық/ кез-келген пішін не түр ♦I don't approve of violence in any shape or form. – Қандай да болсын бұзақылықты құптамаймын. ♦I can't stand insects in any shape or form. – Қандай құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей болса да жақтырмаймын. *(get/keep/stay) in shape (кісі ж) бабына келу, бабында болу ♦I like to stay in shape. – Бабымда болғым келеді. *out of shape a) пішіні/ қалпы өзгерген/ ауытқыған ♦The wheel had been twisted out of shape. – Дөңгелек майысып кетіпті. ♦The bicycle had been battered out of shape. – Велосипед құрыпты. b) (кісі ж) бабында болмау ♦I didn’t realize how out of shape I was! – Мүлде болбырап қалыптым! *the shape of things to come болашақта кең тарайтын нәрсе ♦Are solar-powered cars the shape of things to come? – Күннен қуат алатын машиналар болашақта кең тарайды ма? ♦This new system could be the shape of things to come. – Бұл жаңа жүйе болашақта кең тарауы мүмкін. *take shape қалыптасу, жетіліп бір күйге/ қалыпқа келу ♦The garden is beginning to take shape. – Бақ көркейе бастапты. ♦A new song began to take shape in her mind. – Ойында/ Есінде жаңа ән қалыптаса бастады. *throw shapes (BrE) билеу ♦She spent the whole evening throwing shapes on the dance floor. – Ол кеш бойы би залында биледі. B.v 1.пішіндеу, қалыптастыру ♦∼ A into B Shape the dough into a ball. – Қамырды домалақ ет. ♦The man was busy shaping mud into bricks. – Кісі лайдан кірпіш құйып жатты. ♦∼ smth This tool is used for shaping wood. – Бұл құрал ағашты жону үшін қажет. ♦They use traditional methods to shape the stone. – Олар тас жонудың көне тәсілін пайдаланады. ♦tools for cutting and shaping metal – металды кесіп, пішіндейтін құралдар 2. ∼ smb/smth қалыптастыру, пішіндеу, сомдау ♦You are helping to shape the future of this country. – Сіз(дер) осы елді болашағын қалыптастыруға көмектесіп жатырсыз(дар). ♦She had a leading role in shaping party policy. – Ол партия саясатын қалыптастыруда басты рөл ойнады. ♦the historical circumstances that shaped their lives – олардың өмірін сомдаған тарихи жағдайлар ♦His ideas had been shaped by his experiences during the war. – Оның идеяларын соғыста көргендері сомдады. 3. ∼ to do smth соғуға/ тебуге әзірлену/ оңтайлану/ ыңғайлану ♦She was shaping to hit her second shot. – Ол өзінің екінші атысына ыңғайланды. 4. (idm) *shape up or ship out (informal) түзел не жоғал, жұмысты, тб жақсарт не кет 5. (phr v) *shape up a) қалыптаса бастау ♦Our plans are shaping up nicely. – Жоспарымыз жөнге келе бастады. b) (informal) (жүріс-тұрысын, жұмысын, тб) жақсарту ♦If he doesn't shape up, he'll soon be out of a job. – Жұмысын жақсартпаса, ол жұмыстан шығады.